Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Қорытындымнан күтерім көп... (байқау)

Қорытындымнан күтерім көп... (байқау)

Қорытындымнан күтерім көп... (байқау)

Сабақ басталғалы жатыр. Байқау да аяқталып қалды. Қатысушылар сыйлықтарын асыға күтуде...

Иә... Массагет порталы ұйымдастырған осынау екі айдан бергі оқушылардың ойларын ірілендіріп, жан-жақты іздендіріп, апта сайын шығып отыратын қорытындыға бірін қуандырып, енді бірін ұпайы аздау болып қалса, алға ұмйтылуға жігерлендіріп, уақытын босқа өткізбеуге дағдыландырып келген "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауына барлық қатысушылардың айтар алғысы көп деп ойлаймын!

Байқауға қатысудағы негізгі мақсатым: өзімді рухани және мәдени жағынан дамыта отырып, уақытымды тиімді, пайдалы іске жұмсау және ең бастысы алға қойған мақсатыма жету болатын. Бүгінде мақсатыма толықтай жеттім деп айта аламын. 

1) Ағылшын тілінен "Elementary" деңгейін аяқтап, "Upper Intermediate" дәрежесін оқып бітіру.
 
 
2) Қазақстан тарихы кітабының І-ІІ бөлімдерін оқып бітіру.
 
 
3) Орысша білімімді жетілдіру.
Бірінші және екінші мақсаттарыма қол жеткіздім. Ал үшінші мақсатымды байқау барысында "5 терме үйрену" деп өзгерткен болатынмын. Бірақ, 5 терменің барлығын емес тек 4 термені ғана назарларыңызға ұсындым. 5-ші термені уақытымның болмауына байланысты және жеке басымның жағдайларына байланысты шығара алмадым. Алайды 5-ші термені қазір үйреніп алдым. Ол термемнің аты  - "Қамын ойла халқыңның" деп аталады. Т.Ізтілеуов атамыздың сөзіне жазылған терме. Қазіргі таңда елімізге белгілі әнші Өмірқұл Айниязов ағамыз эстрадалық бағытта орындап жүр. Бұған дейін Т.Ізтілеуовтың естеріңізде болса, "Тәлім" атты термесін (http://massaget.kz/blogs/15080/) орындаған болатынмын.
 
Массагеттен көп нәрсе ойыма түйдім. Алған әсерлерім ерекше есімде қалары сөзсіз. Келешекте, Алматыға жол түсіп жатырса, Массагетке барып, Қарлыға әпкеммен және басқа да жетекшілермен, Массагет ұжымымен жүздесу ойымда жоқ емес.


Менің блогтарыма пікір жазып, қолдау білдіріп келген кісілерге көп-көп рақметімді айтқым келеді. Сіздердің арқаларыңызда мақсаттарыма жеттім. Соңғы қорытынды блогыма да берер бағаларыңыз бар шығар деп ойлаймын, құрметті Массагеттіктер! Пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар! 
 
29
Рейтинг: +13

Жазылған уақыты: 22 тамыз 2015, 16:25
Тегтер: Мақсатыңа Массагетпен бірге жет, мақсат, қорытынды

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->