Байқау аяқталды(қорытынды блог)

Байқау аяқталды(қорытынды  блог)
жеке
блог

Достар осы уақытқа дейін өз мақсатымызға жете отырып оны дәлелдеп блог жаздық. Менде өз мақсаттарыма жетіп отырдым. Менің мақсаттарымның барлығы болмаса да біразы орындалды. Алдағы уақытта барлығын жүзеге асырамын. Жазғы демалыстағы мақсаттар бір бөлек болса алдағы үш мезгілдегі мақсаттарымның жөні бөлек. 

Мен байқаудан аз да болса тәжірибе жинадым деп айта аламын. Байқауға қатыса отырып өзге қатысушылардың мықты екенін білдім. Менде солай болуға ұмтылдым. Жазған жазбаларын қарадым себебі мен бұрын соңды блог жазбаған болатынмын. Мен басқалардың жасы мен дәрежесіне емес ақылы мен еңбегіне баға беруді үйрендім. Байқауға қатыса отырып біріншіден өз мақсатыма жеттім,
екіншіден блог жазуды үйрендім, үшіншіден жаңа достар таптым. Осының барлығы үшін Массагетке алғысым шексіз. Сонымен қатар бізге ақыл кеңестерін беріп үнемі көмек қолын созып отырған Қарлыға атты жетекшімізге шын жүректен рахмет айтамын.
Және де менің блогтарыма өзінің ойын жеткізіп, лайк басқан қолданушыларға рахмет.