Бағалау сізден, қорытынды бізден!(қортынды)
жеке
блог

Бағалау сізден, қорытынды бізден!(қортынды)

Байқау соңына жетіп қалды. Массагет сайты арқылы уақытымды тиімді пайдаланудамын. Байқауға қатысқалы бері, көптеген блогерлердің қызықты блогтарымен танысудамын. Барлық қатысушылар мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етті, барлық қатысушылар, жеңістен үмітті, жеңіске лайық! 
  Мақсат, жоспарларымыз іске асып орындалып, сіздермен бөлісудеміз. Менің мақсаттарым байқау барысында аздап өзгеріске түсті, нақтылап, барлығын орындадым. 

  Менің алғашқы мақсатым ақын Марғұлан Ақанның кітабын оқып, талдау болатын, және сұхбат алу. Бұл мақсаттарым іске асты, ең алғашқы сұхбатым сіздердің көңілдеріңізден шықты деп ойлаймын. 
Екінші мақсатым ақын, журналист, әнші, жұлдыздардан қолтаңба алу, біршама қолтаңбалармен таныс болдыңыздар. Және құндылықтарымыздың бірі - бата. Өзім жаттаған баталармен бөлістім.

  Үшінші мақсатым жаңа ортаны ашу үшін Бауыржан бабамыздың 3 қорқынышын негізге ала отырып, ұлттық құндылықтарымыз туралы хабардар еткен болатынмын.Статистикалық мәліметтерге сүйеніп, қазіргі таңда қандай есімдер көп қойылатының, қызықты есімдерді білген болатынсыздар.

Төртінші мақсатым мыңжылдықтар мұрасының көне жұрты Тараз қаласындағы ескерткіш, монументтерді аралап, суретке түсу, мақсатым орындалды. 

Бесінші аптада тойдың сәнін, әнін келтіретін маған ұнайтын 10 әншімен таныс болдыңыздар.

Алтыншы, жетінші апта рухани апта болды. Себебі мен сіздермен Бауыржан бабамыздың балалық шағында өткен қызықты әңгімелермен бөлістім.

Осы мақсаттарым мені ақ жолға жетелейді, осы мақсаттарым арқылы көптеген қызықты мәліметтерге қанық болдым. Бұл байқаумен менің мақсаттарым тоқтап қалмайды, алдағы уақытта да мақсатпен жүретін боламын.

 P.S.Міне, оқырман, достар, барлық мақсат, жоспарларыма қол жеткіздім. Достық деген өмірдің мәні. Сол үшінде достығымыз мәңгі болсын! "Хан TENGRI" тек алға! Әрқашан бірге болайық, барлық қатысушыға сәттілік!