"Он қарадомалақ"

"Он қарадомалақ"
жеке
блог

    Бұл роман адамдарды әділдікке шақырады дей аламын. Шығарма өткір ойлы, кез-келген жанды баурап алады және өте жұмбақ. Расы керек мен соңғы эпилогты оқығанша болып жатқан оқиғаларды онша түсінбедім қуанышыма орай эпилогында барлық сұрағымның жауабын таптым әрі бәрі анық түсіндірілген екен. Басында аса мән бермегендіктен екінші рет тағы оқуым қажет болды. Романның қысқаша мазмұнына тоқталар болсам: Бұл жерде басты рөлде он кейіпкер бар. Олар: дәрігер Армстронг, Эмили Брент, Вера Клейторн,  Уильям Генри Блор,Джон Гордон Макартур ,Филипп Ломбард  ,ерлі-зайыпты Томас және Этель Роджерс, Энтони Марстон, Лоуренс Джон Уоргрейв. Осы ондықты белгісіз А.Н.Оним атты кісі ең қымбат аралға қыдыруға ұсыныс жасайды. Алайда, ол өзінің кім екенін ешкімге білдірмейді ,яғни жұмбақ жан. Сондай-ақ бұл ондықта еш қарсы болмастан аралға баруға келісім береді. Бірақ аралға барған соң кезек-кезекпен оның оны да көз жұмады. Мен алдында айтып өткендей эпилогты оқығанша кімнің қастандық жасағанын еш түсіне алмайсыз. Мен оны айтпай-ақ қойғаным дұрыс ,себебі оны білген соң роман тым қызықсыз болып қалады. Ал неге А.Н.Оним мырза дәл бұл ондықты таңдағанын түсіндіріп өтер болсам олардың барлыға жасырын түрде адам өліміне себепші болған еді. Атап айтар болсам,дәрігер Армстронг- мас күйінде  ота жасап бір ханымды абайсызда өлтіріп алады және бұл жұмбақ күйінде қалады. Ал Эмили Брент қызметші қыздың некесіз аяғының ауыр болғанын біліп үйініен қуып шығады, ал қызметші қыз өз-өзіне қол жұмсайды. Вера Клейторн-күтуші болып жүріп бір баланы әдейі өлтіреді, яғни ғашық жігіті үшін. Уильям Генри Блор-кінәсіз адамға сотта жалған куәгерлік етеді. Джон Гордон Макартур-әйелінің бұрынғы сүйіктісіне соғыста қастандық жасайды.Филипп Ломбард -қол астындағы 20 адамын белгісіз жерде тастап кеткен.Ерлі-зайыпты Томас және Этель Роджерс-үй қызметшілері болып жұмыс істеп жүріп үй иесінің дәрісін бермей өлтіреді, осылайша мұрагерліктің бәрі өздеріне қалады.Энтони Марстон-екі кішкентай баланы қағып кетіп жазасын өтемеген.Лоуренс Джон Уоргрейв-кінәсіз адамға сотта дұрыс шешім шығармаған. 

    Роман желісі бойынша түсірілген кино да бар екен.Бұл роман Агата Кристидің ең керемет туындыларының бірі болып саналады, сондықтан оқысаңыздар еш өкінбейсіздер. 

     Ал сіз бұл шығарманы оқып көргенсіз бе?