Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме! (байқау)

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме! (байқау)
жеке
блог

Сәлем, Массагеттік достарым! Бірнеше себептермен блогымды кеш жариялап отырмын. Сол үшін Массагет ұжымынан үлкен кешірім сұраймын.

Әмина апамызды танымайтын жан жоқ шығар, сірә?! Бүгінде аты аңызға айналған, апамыздың өмірін егжей-тегжейлі зерттегенім жайлы дәлелдеймін. Әмина Ерғожақызы Семей өңіріндегі Қарауыл атты ауылда 1919 жылы наурыздың 8-жұлдызында туған. Әкесі Ерғожа Әмина жасқа толмай жатып дүние салады. Кішкентай Әмина анасы Ғықиламен қалады. Оларға енді Ерғожаның інісі Қаптағай сүйеніш болады. Мектеп жасына жеткенде Әминаны анасымен Қаптағай ағасы Семей қаласына көшіріп алады. Сол жылы қыс қатты болып, ел ішін ашаршылық жайлайды. Күннің суықтығынан, ашаршылықтың меңдеп бара жатқандығынан Әмина оқып жүрген мектеп жабылып қалады. Бірақ Әмина үйде отырса да, оқулық кітаптарын қолынан бір тас­тамайды. Оқиды, жазады, сурет салады. Әңгімелер айтып, үйдегілерді еріксіз күлдіреді. Өзімен бірге оқитын оқушылардың дауыстарын, қылықтарын келтіріп салады. Әминаның Ленинградқа барып оқысам деген ниетін ағасы Қаптағай құптайды. Жеңгесі Ғықила екеуі 15 жасар Әминаны үлкен қалаға шығарып салады. Ленинградқа келген Әмина құрбыларымен бірге Ленинград мемлекеттік театр, музыка және кинематографистер институтына келеді. Оларды әйгілі орыс режиссері Всеволод Мейерхольдтың қызы Ирина Всеволодовна Мейерхольд пен КСРО халық әртісі Василий Васильевич Меркурьев күтіп алады. Қазақстаннан келген болашақ өнер қарлығаштарын институт қызметкерлері әкелік қамқорлықтың аясына алады. Институт жанындағы студенттер жататын жатақханадан орын береді.Институттың талапкерлерді қабылдайтын арнайы кабинетіне имене кірген Әминаны қазақстандықтардың ішіндегі ең жасы және бойы аласа, нәзік болғаны үшін комиссия мүшелері таңдана қарсы алыпты. Әмина апамыздың жастығына қарамастан сонау Ленинградқа оқу іздеп барғаны да бір ерлік сынды...Ана тұлғасын аса нанымды әрі шынайы суреттеген Әмина Өмірзақоваға бас жүлде – «Алтын пальма» сыйлығы тапсырылады.Кино әлеміндегі қадамы осылай сәтті басталған актриса өмірінің соңына дейін көрермендерін қуантумен өтті. Сахнада да көңілдердің төрінен орын алған талай тамаша образдарды дүниеге әкелді. Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Ерғожақызы Өмірзақова 2006 жылы 26 қыркүйекте өмірден өтті. Әмина апамыздың өмірі ерліктерге толы.


Өмірде ештеңе тектен-тек болмайды. Біз тағдырды қабылдамаймыз, қайта соны жасаушымыз. Осы апта мен үшін ауыр күндер болды. Жақындарымның қолдауына мұқтаж болдым. Әлсіздігімді білдіртпес үшін, өзімді жұбату үшін әртүрлі нақыл сөздер, аффоризмдермен ізденуді жөн көрдім. Сонымен қоса, көп ой түйдім. Барлық қиындық уақытша екенін және қандай жағдай болмасын мықты болып, еңсемді түсірмеу керегін ұқтым. Барлық жағдайдан жақсы жағын іздеу керегін үйрендім.  Сол қиындықтарға мойымай сабырлық таныту – біздің ісіміз. Осы аптада қаншалықты ой салатын нақыл сөздерді ізденгенім жайлы назар аударуларыңызды сұраймын.

1.Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді
2.Бүгін сағы сынды деп жақсыны басынба, Қиын қыстау күн туса - сол табылар қасыңнан.
3.Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ,
  Ешкім шығара алмас қиын есеп.
4.Күйреген рухты қайта көтеру – міне, қазіргі таңдағы басты мақсат осы.
5.«Өмір – теңіз,
  Онда жүзем демеңіз,
  Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»
6.Сабырдан асқан айла жоқ.
7.Өмір сүргің келсе сүріне істе.
8.Қайғы келсе,қарсы тұр, құлай берме.
9. Ештеңені жүрекке жақын қабылдама, жақын қабылдасаң, жадыңда ұстағың келеді, жадыңда ұстаған жаныңа ауыр тиеді.
10. Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді.
Адамның көркі - дұрыс өмір сүруінде, өмірдің көркі - еңбекте,- демекші мына бес күн жалғанда әрқайсымыз өз орнымызды тауып, тек адал еңбек етейік!