Екі мәзір,бір блогта (байқау)
блог
Сәлем Массагеттіктер!Сіздермен қайта қауышқаныма қуаныштымын! Қырсық шалып,өткен аптадағы блогымды шығара алмадым.Сондықтан, осы жолы өткендегі суық көжемен алмастырған тағамымды осы блогқа қостым.Сөзді қойып,бірден іске кіріссек!
Бұл кешкі асқа арналған қою әрі тойымды тағам түрі.Мен бұны анамнан үйрендім.Осы тағам түрін "Соус қосылған күріш" деп атадым. "Қырсық бір шалса,мың шалады" демекші, ұялы телефонымдағы флеш жадымның істен шығуына байланысты, жасалу жолдары түгелдей өшіп қалыпты(қалғаны тек жоғарыдағы сурет).Сондада сіздермен бөліскім келеді.
Құрамы:
- Сәбіз - 2-3дана
- Картоп - 5-6дана
- Қой еті - 500гр.
- Пияз - 1-2дана
- Болгар бұрышы - 2-3дана
- Су - қалауыңызша
- Томат пастасы - 1ас қасығы
- Тұз және күріш
Алдымен қазанға май қыздырамыз.Май қызып жатқанда пиязды тураймыз,артынша қызыған майға пиязды саламыз.Қой етін турап,оны да қазанға салып пиязбен бірге қуырамыз. Сәбізді және болгар бұрышын турап қазанға саламыз.Бәрін бірге қуырып, томат пастасын қосамыз.Кейін еті қуырылған кезде су құйып,тұзын дәміне қарай салып,қазанның қақпағын жауып қоямыз.Осы уақытта күрішті суға пісіреміз.Енді қазанға картопты турап саламыз.Біраз уақыттан кейін күрішімізде пісіп қалады.Піскен күрішке дәміне қарай тұз қосамыз.Ендігі қалғаны соус. Біз соустын піскенің еті мен картобынаң біле аламыз,егер олар піссе соус дайын деген сөз. Сонынаң күрішті пішінге келтіріп,қасына соусты қосамыз.Кешкі ас дайын.Астарыңыз дәмді болсын!
Ауылдан келе сала, тезірек өзім алдыға қойған соңғы мақсатымды жүзеге асыруға кірістім.Ол құймақ.Мен құймақты алтыншы сыныптан бері жасап келемін,бірақ осы жолы басқаша жасап көргім келді,яғни құрамын өзгертіп.Ғаламтор беттерін ақтарып өзіме ұнаған рецебті таптым.Әдетте құймақтың құрамына сүт,ұн,жұмыртқа,сұйық май,ас содасы және қант ғана қосатынмын.Осы жолы бұлардың қатарына айран мен тұз қосылды.Бұның ерекшелігі көпіршік секілді(ажурный).
Құрамы:
- Сүт(майлылығы 2,5%) - 1стақан
- Айран - 1стақан
- Ұн - 1,5стақан
- Ас содасы - қалауыңызша
- Тұз - қалауыңызша
- Жұмыртқа - 2дана
- Сұйық май - 3ас қасығы
1.Алдымен жұмыртқаны жарып,миксермен араластырып аламыз.
2.Одан кейін тұз,қант,ас содасын қосып араластырамыз.
3.Сүт пен айран қосып араластырамыз.
4.Енді ұн қосып,түйіршік қалдырмай араластырамыз.
5.Газға табаны қойып, жабыспас үшін аздап май жағып,қыздырамыз.
6.Содан соң,құймақты жұқалап құямыз.
7.Екінші жағына аударамыз.
8.Жоғарыдағыдай,барлығын пісіреміз.
Астарыңыз дәмді болсын!
P.S. Келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймын.