Ескі әкімді "есіркемейміз"

Ескі әкімді "есіркемейміз"
жеке
блог

 

     9 тамыз күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген болатын. Оған себеп болған Алматы қаласының жаңа әкімін сайлау. Ортақ шешіммен Екінші астанамыз Алматы қаласының әкімі болып «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сайланды.

Бауыржан Байбек

     Аталмыш қаланың экс әкімі Ахметжан Есімов те назардан тыс қалмады. Еңбегі еселенді десе де болады. Елбасымыз Есімов мырзаны «Астана  ЭКСПО – 2017» ҰК басқармасының төрағасы етіп сайлады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтуынша Ахметжан Есімов алып шаһарға өз еңбегін сіңірді, қаланың көркін келтіріп, оған зор үлесін қосты. ЭКСПО – 2017 маңызы үлкен шара. Көрмені ойдағыдай етіп өткізуге Есімов мырзаның тәжірибесі жетерлік екенін де атап өтті Елбасымыз.

     «Нұр Отан» партиясына келер болсақ, партия Төрағасының бірінші орынбасары болған Бауыржан Байбектің қызметіне «Нұр Отан» партиясы Саяси бюросы кеңесінің отырысында Мырзахметов Асқар Исабекұлы тағайындалды.

     Ендеше, ескі әкімді «есіркемейміз», жаңа әкім алып шаһарға жаңа жоспармен, жаңа оймен келді деген сенімдеміз әрі біз жастар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл шешімін толықтай қолдаймыз!

Гүлжанат Беласар