"Оң қол" (байқау )

"Оң қол" (байқау )
жеке
блог

  

 Сіз Төлен Әбдіковтың "оң қол" әңгімесін оқып көрген бе едіңіз? Әрине, бір деммен оқылатын әңгіме болса да оқып болған соң өзгеше сезімге бөленесіз. Егер оқымаған болсаңыз оқуға кеңес беремін және сіздерді қысқаша мазмұнымен таныстырып өтейін: Әңгіме Алма деген жас қыздың ауруы жайлы. Алма- өмірге құштар, кең жүректі және өте әдемі қыз. Алайда алманың өз- өзін оң қолымен қылқындыра беретін ауруы бар. Әсіресе, ұйықтап жатқан кезде мұндай жиі қайталанады .Ол өзінің оң қолына жауап бере алмайды. Анасы Алма үшін уайымдап ақыр соңында психиатриялық ауруханаға жатқызуға бел буады. Ол ауруханада бір жас дәрігер жігіт жұмыс істейтін болады. Ол күні түні Алманың қолын қарайлаумен болады. Және әр күні түнге қарай Алмаға әңгімелер айтып беруді әдетке  айналдырады. Осылайша жүріп ол бір күні Алманы бәрінен жасырып  серуендеуге алып шығады. Алайда ауруханадан шыққан соң таныс біреу -міреу көріп қоймаса екен деген қорқынышпен жүреді. Ол Алманы алдымен саябаққа артынша киноға алып барады. Дәл осы күні ол Алмаға ғашық екенін түсініп, оны қалай да емдеймін деген шешім қабылдайды.Жас жігіт бас дәрігерерге барып ,оның оң қолын  толығымен кесу керек екенін айтады, алайда, дәрігер оны құптамайды және қыздың ата -анасымен ақылдасу керектігін айтады .Бірақ, жігіт ешнәрсеге үлгермей қалады себебі дәл сол күні Алманың оң қолы оның түбіне жетіп тынады.

      Расы керек,бұл әңгімені оқып болған соң өзіңіздің оң қолыңызға күмәнмен қарай бастайсыз. Бірақ шығарма кез келген жанды баурап, есінде ұзақ қалатынына сенімдімін. 

      Ал сіз бұл әңгімені оқыдыңыз ба?