Ас мəзірімде бір өзгеріс(байқау)

Сəлем Массагеттіктер!Блогым біраз кешігіп шыққандықтан кешірім сұраймын.

Менің бүгін сіздерге айтар бір жаңалығым бар.Байқаудың алғашқы аптасында мен өз мақсаттарым жайлы блог жариялаған болатынмын. Мақсаттарым ақырындап бірінен кейін бірі жақсы нəтижемен жүзеге асып жатты. Ол кезде алдағы жазғы демалысымда үйде өткіземін деп  ойлағанмын, бірақ ойлағанымдай шықпады, ауылға кететін болдық. Міне,қазір ауылға аман-есен жеттім. Сондықтан осы аптадағы мақсатым, яғни &quot;Салқын көже(окрошка)&quot; дайындау жүзеге аспайтын болды. Тағы бір айта кететінім,  бұл сонда өз мақсатыма жете алмадым деген сөз емес, қуанышқа орай мен бұл келеңсіздіктін алға алу мақсатында ауылға кетпес бұрын керемет бір керемет кешкі ас дайындауды үйрендім. Бұл піскен күріштен жəне соустан тұратын кешкі ас(атауын  əлі құрастырмадым). Ол жайлы əдеттегідей келесі аптадағы есеп беру ретіндегі блогымнан көре аласыздар!<br>

 

 

P.S. келеңсіздіктер үшін, кешірім сұраймын!Түсінесіздер деп ойлаймын



Бөлісу: