Мен оқыған үздік туындылар
жеке
блог

Мен оқыған үздік туындылар

   Шамамен жасым 8-ге енді жуықтаған шақтарда анам мені үйіміздің жанындағы кітапханаға көп алып барып тұратын. 9-ға толған соң өзім де күн сайын баруды әдетке айналдырдым.Әрине, менің де барлықтарыңыз секілді ең алғашқы кітабым ертегілер болды. Есімде қалғаны ең алғашқы кітабым-"Қазақ ертегілері" атты ертегілер жинағы болатын. Осылайша кітапқа деген қызығушылығым артып, кітап оқуды жалғастыра бердім . Сол кітаптардың ішінде өзіме өте қатты ұнағандары болды , ал енді біреулерін онша ұнатпадым.  Ендеше, мен үшін ең керемет туындылардың топтамасын ұсынамын:

 1.Сайын Мұратбеков "Жабайы алма". Бұл шығарма мені соғыс әлеміне алып барғандай болды. Осы кітаптың арқасында "бейбітшілік" сөзінің мағынасын жетік түсіндім. Әрі бұл туындының арқасында өзімнің қандай бақытты елде өмір сүріп жатқанымды түсіндім. 

 2. Дулат Исабеков ."Тыныштық күзетшісі" . Бұл шығарма да соғыс туралы . Мен оқыған ең үздік туындылардың бірі. 

 3. Мұхтар Әуезов. "Көксерек" . Бәлкім, сіздер оқыған да боларсыздар. Шығарма желісі бойынша түірілген кинода бар.

 4. Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе». Тұрар Рысқұлов жайлы

 5. Дулат Исабеков ."Әпке". Қойылым ретінде көптеген көрермендердің жүрегіне жол тауып, көңілдерінен шыққан.