Биік таулар (байқау)

Биік таулар (байқау)
жеке
блог

Сырлы сөз қашанда санаңа қонақтамай, айналып өткен емес. Мағынасы терең, ой салатын сөз естісек өзімізді жөнге салып, өмірдің бұралаң жолдарынан түзу жолға бет бұра бастаймыз. Артымыздан ерген ұрпақтарымызға барынша дұрыс бағыт-бағдар беруге тырысамыз. Бұл - даналылық пен әуеннің үйлесімділігінің құдіреті болар!

Келесі шығармам "Биік таулар" деп аталады. Бірақ, бұл нақты атауы емес болу да мүмкін. Үйде анамның кейде домбыра тартқысы келіп, шертіп отыратында айтатыны. Анамның айтуынша бұл түркмен халқының термесі болуы керек. Рас екен, ғаламтор желісінен іздеп көріп едім, түркмен халқының абыз ақыны Мақтымқұлының термесі екен. Анамның орындауында бар болғаны 3 шумағы ғана. Соны мен қазір сіздерге орындап беремін!

Видеоның сапалылығы төмендеу болды. Сол үшін кешірім сұраймын және домбырамның дыбысы келіспей тұр. Ол тиектің дұрыс болмауынан. Дәл қазір мен өз үйімде болмағандықтан домбыра жағынан қиналып жатырмын. Кешіріммен қарайсыздар деген ниеттемін!