Жақсылықта жарысайық

Жақсылықта жарысайық
жеке
блог

Жұма... Жақсылық... Жан жылуы...

Әрбір жан өз тілегініңқабыл болғанын қалайды... Тілекті қабыл етуші - Аллаһ...
Ал, оған біз де себепкер бола аламыз...
Қоғамда барлық адамдар сияқты өздерін бәрімен тең көргісі келетін, өзінің орнын сезінгісі келетін "Ерекше" жандар бар... Оларға сіз бен біздің аз ғана көмегіміз қажет... СОРОС қорының қолдауымен TRAINING CAFE ашылған болатын. Аталған кафеде интернат шәкірттері қызмет көрсетеді... Оларға кафе қонақтарымен қарым-қатынас орнатып, сервистік қызмет көрсеткенінің өзі қуаныш сыйлайды. 1 жанға қуаныш сыйлауға асығайық! 
Қазіргі уақытта, барлығымыз аптасына 1 рет болса да сырттан тамақтанамыз. Өзіміз тамақтанып әрі 1 жанға қуаныш сыйлау мүмкіндігі туып тұрғанда, соны неге пайдаланбасқа?!
Айдынның бастауымен жиналған "Мейірім" еріктілер тобымен Бүгін осы кафеде РИНГО тобын қонаққа шақырдық. 
Керемет кеш қонағы болуға Сізді де шақырамыз!! Кеш барысында дәмді дастарxаннан ауыз тиіп, пікір алмасып, әңгіме-сұxбат құрып, тіпті қызық ойын да ойнаймыз бәріміз бірге)
Жомарттық танытып, сіз де осы кафенің жабылып қалмауына өз септігіңізді 1000 теңгемен болса да тигізе аласыз... Әрине, ол міндетті емес. Алла әр жақсылығымызды қалай да болса Еселеп қайтаратынын білеміз... Бүгін кешкі сағ. 19:00-де сіздерді Айманов-Жандосов көшелерінің қиылысындағы TRAINING CAFE де күтеміз!!!
P.S. Сіздерді тек бүгін ғана күтпейміз. Есік әрдайым ашық! Басты мақсатымыз - осы кафенің жұмысының тоқтап қалмауы. Үміттерін үзбей, мейірімімізбен бөлісейік...
Баршамыздың Жұмамыз жақсылықпен аяқталсын... Әмин...