Ұлттық  өнер заманауи  үлгіде
жеке
блог

Ұлттық өнер заманауи үлгіде

Массагетте  байқау  басталғалы  жас  блогерлердің  белсенді болып  жүргенін  байқап, сыртай  бақылап  жүр едім.  Бүгін сіздермен  жағаласып,  тоқтап қалған  жазбаларымды  жалғастырмақшымын. Бұ  жолы  сіздерге  қазақтың  өнерін заманауи  үлгіде насихаттап  жүрген жас  дарын жайлы айтқым келіп отыр...

Кішкентай  кезімде  домбыра  үйірмесіне мамам жаздырып  қойғанда, оған бармай, домбырамды асылып  күреске жаттығу  залына  баратынмын. Қазір, әрине, күрестің пайдасы  болды. Бірақ, сол кезде неге  домбыра  үйірмесіне бара бермедім екен  деп іштей  өкінемін. Қазақтың  қасиетті  музыкалық аспабында  ойнай алмауды  өзіме сын деп қабылдайиын. Ал домбыраның  құлағында  ойнайтындарға құрметім ерекше! Менің "құрметтілер"  тізімімде  тұрған, қазақтың  домбырасымен замануи  күйлерді орындап  жүрген  дарын иесі жас  күйші Темір Дулатты  білетін  боларсыздар. Білмесеңіздер,  таныстыра кетейін.

Оңтүстік  өңірдің  тумасы  Темір Дулат үйіндегі  ағасы мен әпкесіне еліктеп, 5 жасында  алғаш  домбыра  тартуды үйренген. Кейін Гүлзат  Тоқмамбетоваға  шәкірт болып,  домбыра  үйірмесін е бара бастайды. Қазір дарынды  күйші шоу бизнеске қадам басып келе  жатыр. Оны  шоу бизнеске әкелген ұстазы - Асылбек Еңсепов болса, сахнаға  шығуға  баулып,  күй  шығаруды  үйретіп  жүрген  қазіргі  ұстазы - Сәкен Тұрысбеков.  Осындай  дарынды, өз ісінің  шебері, кіл мықты ұстаздардан тәлім алған Темір Дулаттың  жестітіктері  де баршылық. "Біздерде мынадай бар, мынадай бар" деп, мақтанып  мыналарды айта аламын ;)

ü  Республикалық жас орындаушылар конкурсының лауреаты (2007 жыл);

ü  Сүгір Әлиұлы атындағы конкурстың гран-при иегері (2007 жыл);

ü  Дина Нүрпейісова атындағы республикалық конкурстың лауреаты (Орал қаласы, 2007 жыл);

ü  Күйшілер арасындағы республикалық конкурстың «Алтын домбыра» иегері (Астана қаласы, 2008 жыл);

ü  Жас орындаушылар конкурсында бірінші номинация иегері (Санкт-Петербург қаласы, 2009 жыл) және т.б.

Өзім Темір Дулатты Рэкетир 2 фильмі шыққаннан  білемін. Себебі ол сол кезде  аталмыш  фильмнің саунтрегіне  ковер  жасаған болатын. Сәтті  шыққан екен,  өзіме  қатты ұнады. Кейін басқа да  күйлерін іздей  бастадым.  Н. Жексенбаеваның «Жүрек сыры» атты композицияларына өңдеу жасап, халық назарына ұсынып жүр. Оған қоса өзінің жеке авторлық күйлері де бар екен. Туған жеріне тағзым ретінде жазған «Келіншектау» атты күйінің  барын білдім.  Созақтағы қарт Қаратаудың теріскей жағында тізбектеле орналасқан тау сілемдерін Созақ елі «Келіншектау» деп атайды екен. Бұл күй - Темір Дулаттың сол жүк артқан көшке ұқсаған, әсемдігіне көз тоймайтын «Келіншектауға» тарту туындысы. Сонымен қатар, Желтоқсан оқиғасына арнап шығарған авторлық тағы бір күйі бар. Оның атауы: 86 16. Бұрын сондықазақ тарихында санмен, яғни цифрмен берілген күй болмаған. Жас болса да,  өмірде  өз орынан  тапқан талантты күйшінің  өнері  өрге  жүзсін  дегім келеді. Темір Дулат, сенің бағыдырар биігің мен алар асуың көп! Мен саған сенемін! 

P.S. тұздыққа титаниктің музыкасын тыңдай  отырыңыздар ;)