Италяндық мәзірге қалай қарайсыз? (байқау)

Италяндық мәзірге қалай қарайсыз? (байқау)
жеке
блог

Сәлем Массагеттік достарым!!!

Әдеттегідей екінші блогым осы аптадағы мақсатыма қалай жететіндігім жайлы.Өздеріңіз білетіндей мен осы аптада пицца тағамын пісіріп үйренуім қажет,себебі мен фастфуд тағамдарының ішінен пиццаны сүйіп жейтіндердін қатарынанмын.

Пицца  — Италияның ұлттық тағамы. Ашыған қамырдан дайындалатын, ашық бетіне күрделі салма салынған таба нан немесе пирог.  Салма ретінде шұжық, жіңішке шұжық, саңырауқұлақ, зәйтүн, қызанақ, тәтті бұрыш және т.б. қолданылады. Көптеген түрлерінде салмаға ысқыланған қатты ірімшік қолданылады.

Осы жолы пиццаның ерекше етіп дайындағым келді,яғни пиццаны қысқа толқынды пешке емес, кәдімгі қарапайым табаға.Иә,иә, пиццаны тек қана қысқа толқынды пешке ғана емес табағада пісіруге болады екен.Мен оны осы сүйікті порталым Массагеттегі "Аспаздық" бөлімінен үйрендім.Негізі осыған дейін бірнешеуін жасағам,өкінішке орай мен ойлағандай шықпады.Біресе қамыры қалың,біресе бетіндегі сыры көп болып кетті: (. Сондықтан мен осы апта жақсы нәтиже көрсетуім керек!Нәтижемді келесі аптада көре аласыздар!Сіздердің ойларыңызша мен мақсатыма жете аламын ба?

Өтініш! Өз ойларыңызбен пікірде бөлісіп,лайк басуды ұмытпаңыздар,себебі біз үшін әрбірі маңызды!