Басқалай жеткізу мүмкін бе?

Қайырлы күн массагеттіктер!

Жақында наурыз мерекесіне орай бір досым К. Ахметованың өлеңдер жинағын сыйға тартқан еді. Сол жинақтан мына бір жыр шумақтары қатты әсер етті. Көп сөзбен созып не керек, дәл бұлай керемет жеткізе алмас ем... Әсіресе, нәзік жандылар қауымы, сіздердің сыңарларыңызды шын бағалауға деген бетбұрыстарыңызға әсер етер деген ниеттемін.

 

Әлі айнымай келесің. Төзімді-ақсың.

Қой көзіндей момақан көзің жақсы.

Сүймесең де, сүйсең де – қадірлейсің,

Өмір бойы сол сезім созылмақшы.

 

Кездерің жоқ дұшпанға таба қылған,

Мінезіңнен табиғи табамын мән.

Бір ауыз сөз айтпай-ақ жан күйімді,

Сен түсініп тұрасың қабағымнан.

 

Інжу-маржан теңізден сүзіп маған,

Беретін – Сен, некелі жүзік тағам.

Сен жанымда жүргенде айдай болып,

Адам бар ма сүйсініп қызықпаған?!

 

Басқаларға өр басын имеді шың.

Жүрегімді бір шаттық биледі шын.

Тәуба-тәуба деп келем

Дүниеде

Сендей жігіт мені адал сүйгені үшін!

                                   Күләш Ахметова.



Бөлісу: