Массагетте "Сұрақ-Жауап" бөлімі ашылды

Массагетте "Сұрақ-Жауап" бөлімі ашылды
жеке
блог

Қайырлы күн, құрметті оқырмандар. Тағы бір жағымды жаңалығымыз бар бар. Порталымызда "Сұрақ-Жауап" атты жаңа модуль ашылды. Бөлімге сайттың жоғарғы жағындағы сәйкес сілтеме арқылы кіруге болады.

"Сұрақ-Жауап" бөлімі оқырмандарды толғандыратын сұрақтардың жауабын табуға көмектесу мақсатында жасалған. Мұнда кез келген салаға байланысты білгіңіз келетін сауалдардың жауабын анықтай аласыз. Ол үшін сайтқа өз атыңызбен кіріп, "Сұрақ қою" батырмасын басуыңыз керек. Осылайша, сайт оқырмандарының пікірін біліп, біліміңізді толықтыруыңызға болады. Немесе өз білгеніңізді бөлісе аласыз.

Бұл бөлімнің оқырмандардың жақын араласуына зор мүмкіндік беретінін айтқым келеді.

Жақында бөлімнің қалай жұмыс істейтіні туралы материал жариялаймыз. Массагеттен алыстамаңыздар.