150 күндік бостандық немесе келін болуға дайындалып жатырмын)
блог
Бұл жазбалар желісі келін болуға дайындалып жүрген қыздарға арналған арнайы тақырыптық блог болмақ.
Әр қыздың өміріндегі ең жауапты кезең тұрмысқа шығу. Міне, менде өздеріңіз тақырыптан байқағандай 150 күннен кейін осы жауапты кезеңге келе жатырмын.
Бізде, қазақстанда арнайы келіндік пен жұбайлық өмірге дайындайтын мектептер болса ғой деп ойлап қоям. Себебі, қытайда, көреяда басқа да шет елдерде келіндікке дайындайтын арнайы орталықтар бар. Бізге де өте қажет деп ойлаймын.
Сонымен, мен келін мен жар болуға дайындығымды бастайын деп жатырмын былайша айтқанда қыздық бостандық өміріммен де қоштасып жатырмын))). Енді өздеріңіз білесіздер, күйеуге шыққасын басты орында күйеуім тұрады ғой (әрине, бұл сөзім феминисткаларға ұнамауы мүмкін, бірақ шындыққа тура қарай білу керек).
Менің үйренуге тиіс заттарым, істерім өте көп. Себебі мен бір үйдің жалғыз қызымын. Қарапайым қамыр илеуден бастап, манты жасауды үйренуім керек. Мінезімдегі еркелігімді де бір ретке келтіруім керек.
Бұл блогтар желісінде сіздерге мен қандай тамақтар, қандай жейтін нәрселер дайындап үйренгенімді, қандай киімдер, қандай сәндік заттар, қандай сәндер қолданып үйренгенім туралы жазып тұрам. Жалпы ұзатуға байланысты ырымдар, керек - жарақтар, диета, келін болғанда істейтін істер, аздап қулықтар, бәрін бәрін жазып тұрам. Ұзатылуға кететін шығындарымды да жазып тұрам. Сонан кейін бостандықпен қоштасу кезеңі де болғаннан кейін қайда барғаным, не көргенім не істегенім туралы да жазып тұрамын. Тойға қатысты ұсыныстарымды осы жер арқылы ЖАНЫМа да жеткізіп, оның пікірін біліп тұрмақшымын.
Бір жағы сіздерге пайдалы ақпар болсын, бір жағы сіздер де маған ақыл кеңестер беріп тұрыңыздар! "Келісіп пішілген тон келте болмас" дейді ғой. Мағанда көмектеріңізді беріп тұрыңыздар :).
Пы.сы: бәріміз бақытты болуға лайықтымыз, себебі біз керемет жандармыз :).