15 ҚАЗАН қандай мереке?

15 ҚАЗАН қандай мереке?
жеке
блог

Көзімнің ағы, қарасы,

Мейірбан кітапханашы.

Шекспир бір сөзінде: «кітап маған тақтан да қымбат»-деген екен. 15 қазан дәл осы қағиданы ұстанып, кітапты жанына серік қылған, оқырманы келсе оның іздегенін тауып бермегенше  жаны жай таппайтын аяулы кітапханашыларымыздың төл мерекесі. Төл мерекесі дегенге келмес, өйткені : «Кітапханашылар күні»-деп заңды түрде белгіленбеген.   15 қазан Алматы қаласының әкімшілігінің бастамасымен бекітіліпті. 10 жылдан астам уақыт бойы елімізде шама шарқынша аталып жүрген бұл мерекені бірі білмесе, енді бірі біле тұра көңіл бөлмейді. Мемлекет тарапынан қолдау білдіріп осы күнді күнтізбемізге қызыл түспен белгілеп бермесе.   Қалай көңіл бөлсін? Әрбір адамзаттың осы айтылғандарды оқып оны санасына сігіруіне ықпал болған кітап  пен кітапханашылар екені айдай ақиқат. Ендеше бұл мерекені мемлекеттік деңгейде атап өтуге рухани және адами тұрғыдан тәуелдіміз.  «15 қазан қандай мереке?» -деп тақырыпты бадырайтып қойып оқырманның шамын келтіріп ақыл айтып немесе біреудің қытығына тиемін деген ойдан аулақпын. Менің көздегенім:  талмай тынбай қыс, көктем, жаз, күз демей  еңбек ететін кітап жанашырларын назардан тыс қалдырмай, олардың мәртебісі мен  еңбектерін насихаттау. Және сіз болып, біз болып осы мерекегеге атсалысайық. Осы орайда барлық кітапханашыларымызға, әсіресе  «Жамбыл атындағы Мемлекеттік республикалық жасөспірімдер кітапханасының» ұжымына шын жүректен: мерекелеріңіз құтты болсын, ауырмай-сырқамай, көңілді және өмірлі болыңыздар деген тілек жолдаймын.

Суреттер: www.voxpopuli.kz сайтынан алынды

Дайындаған:  Арман Құдайберген