"Ұлы даланың ұлы қыздары" (байқау)
жеке
блог

"Ұлы даланың ұлы қыздары" (байқау)

   Міне, осы жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын ел болып тойлап жатырмыз. Иә, осынша уақыттың ішінде еліміздің осындай жетістіктерге қаншалықты қиындықтармен жеткені баршамызға мәлім. Расыменде еліміздің кенге толы кең даласы өзіне жау шақырмай тұра алмайды. Елімізді сол жаудың қолына бермей сақтап қалған ата-бабамызға мың тағзым! Сол бабаларымыздың арқасында дәл қазір осындай күнге жетіп отырмыз. Біздің тарихымызға өз үлесін қосқан қыздарымызда аз емес. Атап айтар болсақ,сонау сақ патшайымдары Томирис пен Заринадан бастау алып кейіннен  Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике ,Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр бертін келе ҰОС-ы кезінде шығыстың қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүк. Олардың барлығы мен үлгі тұтатын батырлар. 

  Менің алдыма қойған мақсаттарымның бірі-Қазақстан тарихыхын жатқа білу болатын. Шамамен, он екі жаста кезімде " Ұлы даланың ұлы қыздары" деген энциклопедия оқыған болатынмын. Дәл сол энциклопедия менің тарихқа деген көзқарасымды өзгертті. Тарихқа көз жүгіртер болсақ ежелгі кезде басқа елдер қыздарды құл ретінде санаса, ал біздің ер-азаматтарымыз барлық уақытта қызды болашақ ана, төркініне-қонақ деп төрден орын берген. Біздің қыздарымыз да артық әрекет жасамай, әрқашан ер-азаматтардан бір саты төмен тұратынын біліп, оларға әрдайым сыйластықпен қараған. 

    Мен дәл қазір өзімнің тек қана қыздардан құралған "Томирис" тобының құрамында болғанымды мақтан тұтамын. Біздің осындай ұйымшыл тобымыздың жеңіске жететініне сенемін. Әрі басқа топтарға да шын жүректен сәттілік тілеймін.