Құмырсқа-адам
жеке
блог

Құмырсқа-адам

Ол "Иа" деп жауап қатты!

Marvelдің кезекті елді елең еткізген тағы бір туындысының бүгін тұсауы кесілді. "Міндетті түрде көру керек" деген тізімнің басжағынан орын алған тағы бір фильм. 

Шыны керек, Майкл Дугластың бұрынғы қатысқан фильмдері есімде жоқ, бірақ оның "өте талантты" екенін білемін, бірақ менің жас аралығымдағы емес деп ойлайтынмын. Мүмкін менде Дугластың балалары сияқты ойлаған сияқтымын... "Менің екі бірдей Оскарым оларға ойыншық сияқты көрінетін, менің көптеген фильмдерімді қарағандарымен, ешқайсысына таңқалмаған. "Құмырсқа-адам" шығады дегелі ұлым менімен мақтанатынын байқадым, тіпті оның достары менімен мақтанады." деп мойындапты ол өзі берген бір сұхбатында. Кеше киноны көрген кезде мен де мақтанып қалғандай болдым :). 

Маған суперқаҺармандар туралы фильмдердің идеясы, оны орныдаулары, ол жердегі спец эффектілер, актерлардыңөз рольдеріне үйлесуі қатты ұнайды. Төбелес, фантазия + үйлескен әзіл. Бұл- Марвелдің фишкасы. 

Атақты ұрлықшы Скотт түрмеден шыққасын достарымен қайта қомақты ұрлық жасамақ болады, ол сол кезде бар жасаған ұрлығының нәтижесінде қарапайым ескі костюмге қол жеткізеді. Бұл костюмнің жатқан жерінің неге сонша қиын болғанын түсінбеген ол оны киіп көрмек болады. Аяқ асты кішірейіп судыңөзі қауіп тигізетіндей мөлшерге кішірейеді...

Ойланып көріңізші, әлемдегі ең бірлігі жарасқан жәндік құмырсқаларды басқару сізге қалай әсер етер еді? Олар сіз ойлағандай тірлік істеп, сіздің көмекшіңіз болса? Құмырсқаның дәрежесіндегідей адам сізді ұрып құлатса ше? Қалай сіздің де фантазияңызға бір нәрсе әсер етті ме? Онда, көруге асығыңыз!