Дәмді бәліштен дәм татыңыздар! (байқау)

Дәмді бәліштен дәм татыңыздар! (байқау)
жеке
блог

Армысыздар, барша Массагеттік достарым?!

Ас- адамның  арқауы. Қандай да бір дәмді тағам әзірлесек, көңіліміз көтеріліп қалады. Өзгелерге дәм татқызып, бөліскіміз келеді. Мен де сіздермен өзімнің пісірген тағамыммен бөліскім келіп отыр.

 Алма қосылған бәліш

Күрделі емес, жасалу жолы оңай. Ол үшін керекті заттар:

-6 жұмыртқа

-1 маргарин

-2 стақан ұн

-1 стақан қант

-Қамыр қопсытқыш-2 шай қасық

-Ванилин

-5 алма

Алдымен 4 жұмыртқаны жарып, оған маргаринді, аз-аздан қантты қосып, миксермен қантты көпіргенше ерітеміз. Көпіргеннен кейін ұнды, қамыр қопсытқышты, ванилинді қосып қамыр дайындаймыз. Қамыр көтерілгенше, алмамызды алып өз қалауыңызша тураймыз. Шұңғыма ыдысқа саламыз, оған қалған 2 жұмыртқаны, ванилинді, қантты қосып, араластырамыз. Бәліш жасауға арналған ыдысты алып, оның қақ ортасына домалақ күйінде қамырды қойып, бірте- бірте, жан-жағына жая бастаймыз. Қамыр неғұрлым қалың, неғұрлым жұқа қылмай, орташа болуы керек. Оған алма қосылған қоспаны құямыз. 

Пешті дайындап 180 градусқа, 20-25 минутқа қойып қоямыз.

.

Астарыңыз дәмді болсын!