"Жалған жарнаманың құрбаны болдым"

"Жалған жарнаманың құрбаны болдым"
жеке
блог

Керемет, су жаңа автокөлікк иесі болғың келе ме?! Өзіңнің жеке жылжымайтын мүлкің болса деп армандайсың ба?! Бұл енді мүмкін болды. Бізге кел деп орысшалап жалған жарнамамен «сетевой маркетинг» деп аталатын көпшілік ұната бермейтін алдамшы жұмысқа сізді шақырды ма???? Менің танысым (аты жасырын қалуын өтінді) жұмыссыз қалды. Өзі студент. 19 жасар қыз бала. Жұмыс іздейін деп интернеттен іздеуге кірісті. Жұмыс десе интернетке жүгінеміз – ау. «Наборщик текстов» деген жұмысты көзі шалды. Бұл оңай жұмыс. Ары кетсе тек компьютер алдында құжаттарды терумен отырасың. Не керек, бірден нөмірін алып хабарласты. Телефонның арғы жағындағы біреу қуана «собеседованиеге» шақырды. Құрбым ойында ештеңе жоқ офистеріне барды. Ол офис Жібек жолы – Зенкова, 50, 401 кабинет. Барып анкета толтырған. Анкетада «сіздің жалақыңыз қанша, ал сіз қанша тапқыңыз келеді?» деген сұрақ болған. Бұл өзі сол бір заңды болып кеткен сұрақтар екен, «сетевой маркетингте» қолданылатын бірден бір жол. Толтырып болған соң келушілерді кезекпен «собеседованиеге» кіргізеді. Құрбыма сұрақтар қойған, ол ашығын айтқан, кешке сіз өттіңіз деген хабар келген. Құрбым қуанып келесі күні тағы сол офиске барады. Бұл жолы оған жеке куәлігіңіз бен 2000 теңге ала келіңіз деген. Құрбым оған да келісті. Төрт күн лекцияға қатысыңыз деп те айтады. Лекцияда олардан артық, олардан керемет ешкім жоқ. Солар ғана бай, қалталы, қалған халық «ақымақ» сияқты. Содан не керек, үшінші лекцияға келгенде құрбым бұл не жұмыс екенін түсінді. Жұмысқа кіре салса жақсы ғой, ол үшін де 27 000 шамасында ақша төлеу керек екен. Олардың тілінде кішігірім бизнеске «инвестиция». Құрбым ақшаның жоғынан емес, жарнаманың жалған болып шыққанына ашынды. Келесі, яғни төртінші күні барып 2000 теңгесін алуға бел байлады. Барса сіз төртінші лекцияға қатыспадыңыз, ақшаңызды сосын ғана ала аласыз деп кекірейді.  Енді құрбым аталмыш офиске жұма күні қайта бармақ. Жұмыс істемеймін десе де ақшасын қайтармай отырғандарына ашулымын. 2000 теңге біреуге аз, біреуге көп. Жерде жатқан еңбек ақысы жоқ.

апры

 

ыквпафы

Сіздерге айтарым, жұмыссыздық елде көп, алайда асығыс жұмыс керек деп осындай жалған жарнамалардың құрбаны болып қалмаңыздар. Бұл жарнамаларды оІх.кз сайтынан таба аласыздар. Аталмыш компания бизнес центрде орналасқан қытайлық TGC холдинг. Қалтаңыздан қағылып қалмаңыз, ағайын!