Гүл жасаудың жаңа жолы (байқау)

Гүл жасаудың жаңа жолы (байқау)
жеке
блог

Сəлеметсіздер ме Массагеттіктер! Сурет салу мен қолөнермен айналысу – менің жоспарымның бір бөлігі болатын. Кезекті аптамды осы істермен айналысуға жұмсадым. Салған суретім əлі бітпеді. Ал жасаған гүлімнің жасалу жолын сіздермен бөліскелі отырмын.

Гүл жасауға керек заттар:

1. Түрлі-түсті қағаз 

2. Желім 

3. Қайшы 

4. Басы үшкір зат ( циркуль, қағаз кесуге арналған пышақ, ине, т.б ) Мен циркульді пайдаландым. 

5. Гүлді отырғызатын ыдыс

6. Гүл отырғызатын ыдысты əсемдеу үшін үйде бар ұсақ - түйек заттар. (Мен үйге жөндеу жүргізгенде асып қалған түсқағазды пайдаландым).

Жасалу жолы:

Ең алдымен түрлі-түсті қағаздардың біреуін алып, оны əртүрлі қалындықпен 4-ке бөлеміз. 

1

Оларды шаршы пішінді етіп тағыда бөлеміз. 

2

Жаңағы шаршылардың басын үлкендерін жүрек пішінді, ал кішілерінің басын дөңгелетіп кесеміз. 

3

Бұл гүлдің күлтесі. Енді жаңағы күлтелердің ұштары сыртқа қарай майысып  тұру үшін, шетінен 5мм- дей орын қалдырыл, қатты баспай үшкір затымызбен (циркульмен) сызамыз. Егер қатты батырып жіберсек қағаз жыртылып қалады. 

4

Оны игенімізде төмендегідей болады: 

5

 Содан соң дəл ортасынан 2 см-дей етіп қиямыз: 

6

 Күлтесі дайын болды. Енді оны сабағына орналастырамыз. Мен сабағын қағаздан жіңішке етіп оралым. Ең кішкентай күлтеден бастап жабыстырдым.  

7
8


9

Гүлдің күлтесі жабыстырылып болды. Енді сабағын жасыл түсті қағазбен қаптадым. Сосын жапырақтарын жабыстырдым. 

9

10

10

Гүліміз дайын. Енді гүлді отырғызатын ыдысты дайындаймыз. Мен ыдысты түсқағазбен қаптадым. Сосын жиегіне қағазбен шөптер жасадым. Гүлдің ыдысын өзіңіз ойлағандай етіп əсемдеуіңізге болады. 


11 12 13

 Ыдысымыз дайын болды. Енді гүлдерді ыдысқа орналастырамыз.   

14