Жеті қажет

Жеті қажет
жеке
блог
Шыдам өзі сана тінін қайрайды,
Сабыр бөлек ажалды да жайлайды.
Десемдағы бұйрық түссе бір сәтте,
Толағайды әлсіз түпте байлайды.

 

Еңбек өзі жан өлтірмес тәттісі,
Харекетім жаратылыс сәттісі.
Мен білгенді сегізінші керемет,
Жұмсаққа тән тастардың да қаттысы.                           

 

Сенім өзі тамыр-тірек барлыққа,
Кеңейтеді жүректі де қорлықта.
Сар балапан өзі өнген қауызға,
Сенбейтіндей мәңгүрттікте қалдық па?

 

Ойдың өзі қарудайын жарайды,
Оймен туған сән-салтанат арайлы.
Ойдан қашып шығарғанды «несепті»,
Істетіп-ап аралайды сарайды.

 

Ел аңсаған махаббатым сыйластық,
Қарастағы көп сезбесті қимастық.
Көз іздеген мамықтарым адастыра,
Бұт араға жиын құрып ойнастық.

 

Бірлік еді ата-бабам аңсаған,
Қылышпенен сырлас боп там салған.
Тамды сылап-сылап мықтап тұрғыза,
Көзді қысып соғысыпта ас таптық.

 

Діннің өзі жан ауруға ем еді,
Дінсіз өмір келбеті де кем еді.
Шариғатты көзбен шолып біреулер,
Білмес болсаң еденді де тебеді.

 

Көк пен жердің  орындары ауысып,
Нәпсіменен қағаз пара қауышып.
Ішермекен жер жүздегі мейрімді,
Шишаларды өзді соғып тауысып.

 

ТӨРЕХАН Арыстан