Сәттілік жолдасың болсын "Томиристік" Арай

Сәлеметсіздерме! Мен Массагеттің тұрақты оқырмандарының бірімен. Мен "Мақсатың Массагетпен бірге жет" байқауының қатысушысы "Томирис" тобының мүшесі Баймахан Арайға жылы лебізімді білдірсем деймін.

Мен Араймен бірнеше жыл бойы құрбымыз, тіпті сыныптаспыз, әрі көршіміз.

Осы уақыт аралығында мен Арайды жақсы танып біліп алдым десем де болады. Оның әрбір ісі тиянақты, жауапкершілігі мол. Сыныптағы белсенді оқушылардың қатарында. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатысқанды жаны сүйеді.

Және аудан, облыс, республика  аралық жарыстардан жетістіктері бар. Ендігі мақсаты МАССАГЕТ ұйымдастырған байқауда да жеңіске жеткісі келеді.

Арай бұл байқауда жеңіске жетуіңе тілекшіміз! Өзіңе сен өз мүмкіндіктеріңе сен. Және "Томирис" тобына жетекшілері Қарлыға апкеге де сәттілік тілеймін.



Бөлісу: