Мақсатыма жетемін

Мақсатыма жетемін
жеке
блог

   Сәлем, массагеттік достарым! Халдеріңіз қалай? Бүгіннен бастап, мақсатымызға қалай жетіп жатқанымызды жазу керек екен. Мен өзімнің алдыңғы блогымда өз мақсаттарым жайлы жазған болатынмын. Енді сол мақсатыма қалай жетіп жатқанымды әңгімелейін.

   Жалпы, ағылшын тілі – дүние жүзіне кең таралған тіл. Ағылшын тілі көптеген елдерде қолданылады. Мысалы, Ұлыбритания, Англия, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Ирландия, АҚШ.

     Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп қолданылатын тіл. Сондықтан менде осы тілді меңгеріп алуды жөн санадым.

     Бұл видео – сабақ.

Бұл өте жеңіл деңгейдегі тапсырмалар. (Мен орындағанмын)

   Мен ағылшын тілін ағылшын сайты арқылы грамматикалық жаттығулар орындап, видео сабақ алып, неше түрлі ойындар арқылы  үйреніп жатырмын. Бүгін күні бойы сайттан сабақ үйренетін боламын. Ағылшын сайты арқылы қалған 1,5 ай бойы ағылшын тілін меңгеремін деген ойдамын. Алдағы уақытта массагеттік достарыма ағылшын тілінде сәлем жолдайтын боламын!

   Барлығыңызға іске сәт! «Томиристіктер» алға!!!