Арман - жарық жұлдызым
жеке
блог

Арман - жарық жұлдызым

                                                 Арман – жарық жұлдызым

Менің есімім – Маратова Гүлнұр Маратқызы. Массагет сайтын қолданушылардың бірімін. Мұндай сайыстарға қатысу оқырманның ой - өрісін дамытып қана қоймай, сөздік қорын молайтады және ең бастысы жазғы демалысты қызықты өткізуге септігін тигізері анық!

Ал өзім жайлы ақпаратқа көшейін. Мен Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет атты ауылдың тумасымын.  8 – сыныпты бітіріп, 9 – сыныпқа көштім.   

Бос уақытымды тиімді өткізуге тырысамын. Мәселен, бос уақытымда ас үйден шықпаймын. Қолымнан келген дәмді тағамдар пісіргенді ұнатамын. Қызықты кітаптар оқимын. Қазір ағылшын тілін сайттан қарап, үйреніп жүрмін. Өз жадымнан өлең жазып, ермек етемін.Мектепте өтетін КТК ойынына өзімнің командамды, дәлірек айтсам, «Пирамида» КТК командасын дайындап, жетекшілік етіп, 2 мәрте кубогпен марапатталдық және өзім 2 мәрте «Үздік ойыншы» атағын иелендім. Жалпы өзім әзіл айтқанды, әзілдескенді ұнатамын.

Бұл суретте «Пирамида» КТК командасы. (Солдан оңға қарай санағанда 4 – ші ойыншы менмін)

 

Өмірлік мақсатым: «Бәріне адал жолмен, өз күш – қайратыммен жету!».  Алдыма қойған мақсатымның бәріне таза еңбекпен қол жеткізуге тырысамын. Алдыма қандай мақсат қойсам, сол мақсатыма жетпей тынбаймын.

Армандағанды жақсы көремін. Армандай отырып, өзіме мақсат қоямын.  Өзім болашақта журналист болғым келеді. Атақты журналисттерден Бекболат Тілеуханұлы, Ләйлә Сұлтанқызы, Мейіржан Әлібекұлын пір тұтамын. Сол кісілердей болғым келеді. Әрине, ол үшін көп еңбектенерім айдан анық. Әйтеуір бір күндердің күнінде сондай дәрежеге жететінімді іштей сеземін. Бастысы өзіме деген сенімділікті жоғалтпау.

«Томирис» тобымен бірге жеңіске жетемін деп ойлаймын және сенемін! Өйткені біздің топтың қыздарының жауапкершілігі мол, өзіне жүктелген міндетті атқара алатын, өздеріне сенімді қыздар!

Барлық топқа сәттілік тілеймін! Осындай сайыстар көп бола берсін дегім келеді