Мен мақсатыма жетемін! (байқау)

Сәлеметсіздер ме,құрметтілерім! Сіздермен қайта қауышып отырған - "Томирис" тобының мүшесі Жұбаева Мөлдір Кенжеқарақызы)

Естеріңізде болса, байқауымыздың бірінші шарты бойынша өз-өзімізді таныстыру мақсатында-"Уақыт деген алтынды бағалайық" атты бірінші блогым шыққан болатын. Енді міне,екінші блогыма да кезек келді.

Адам баласы-алдына мақсат қойып,оған жету үшін ең бірінші қозғалыс,әрекет керек!

"Харекет қылмай,іс болмас" демекші әр еңбектің,бейнеттің де зейнеті бар.Осы жазда алдыға қойған мақсаттарымды,жоспарларымды негізге ала отырып,мен нық әрі сенімде түрде-Мақсатыма жетемін деп айта аламын!

 

Мен Шығыстық әлемге құштармын.Шығыс десе ойымда бірден Түркия түседі.Болашақта Түркияда оқып,білім алсам деген ойым да жоқ емес.Әрине ол үшін тіл білу керек.Алға қойған бірінші мақсатым-Түрік тілін жетік меңгеру!

 

Менің қызығатын нәрселерім өте көп.Соның бірі-астрономия,жұлдыздар әлемі.Астрономия-ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас ғалам туралы ғылым.Аспан әлемінің ғажайыптарын зерттеу мен үшін өте қызықты құбылыс! Екінші мақсатым-аспан әлемін толық зерттеп,нәтиже шығару!

 

 Соңғы мақсатым-атақты жазушы,драматург Джон Голсуорсидің Новеллаларын оқысам ба деймін.Ең бірінші назарға алғам туындым-"Әрқашан жақсы жақты көру керек" атты шығарма.

Джон Голсуорси 14 тамыз 1867 жылы Кингстон-апон-Темс қаласы (Суррей графтығы, қазір Үлкен Лондон құрамына кіреді), ауқатты отбасында дүниеге келген.Голсуорси алғашқы кітабы 1897 жылы «Төрт желден бастап» қысқаша әңгімелер жинағы жарық көрді. Одан кейін Джослин романы «өзіндік трагизмде поэтикалы» пікір бойынша Джозеф Конрад тарапынан жоғары бағаланды.

Өкінішке орай,аталған жазушының қазақша шығармалары жоқ,барлығы орыс тілінде.

 

Бұл менің үш ай жазғы демалыста алға қойған мақсаттарым.Нәтижесін әрдайым сіздермен фотосурет немесе бейнежазба арқылы бөлісіп отыратын боламын!

Назарларыңызға рахмет!



Бөлісу: