«МАНТИЯ» -ДАН «McDonalds»-КЕ ДЕЙІН
жеке
блог

«МАНТИЯ» -ДАН «McDonalds»-КЕ ДЕЙІН

«МАНТИЯ» -ДАН «McDonalds»-КЕ ДЕЙІН

Он бір жылдық білімін арқалап, 4 жылдық білім орданың есігін алғаш аттаған түлектің арманы өзінің қалаған мамандығы бойынша оқу әрі сол мамандық иесі ретінде жұмыс жасау. Бұл арманның орындалуы мүмкін бе?
Жыл сайын елімізде қанша ма мың түлек университет қабырғасын бітіріп, бір –бір маман иесі болып шығады. Бірі – филолог, бірі – физик, бірі-данышпан. Бәрі дерлік маман болып шығады деп те айта алмаймыз. Кейбірі диплом үшін, кейбірі уақыт өткізу үшін, кейбірі не үшін оқып жүргенін де білмейтіндер. Бірақ осылардың ішінде алдына мақсат қойып, оны орындау жолында жүрген күрескер жастар бар. Олардың мамандығына деген махаббаты соншалық тіпті білікті. Алайда біліктінің білімін бекершілікке шығарып, ортада арандатып, өзіне не керегін білмейтін біреудің (дөкей болар) ынжық баласын әкеліп оның орнына отырғызады. Содан санасыз ұрпақ қалыптасады. Ал қолында қызыл дипломы, білімі бар бірақ жұмыс таба алмай сандалған жастар не істейді?
Оларды жеңіл тағамдар (фастфуд) жасайтын жерден, даяшыл болып жүрген жерінен, көліктер тұрағынан деген сынды қоғамдық уақтылы жұмыс орындарынан ғана таба аласыз. Себеп көп. Ең бастысы оқу орнын енді тәмамдап, білімін жетілдіруге жұмысқа орналысқысы келетін маманға қойылатын талаптың санаға қонымсыздығы. Тәжірибе (стаж) болу керек дейді, кемінде 2-3 жыл. Өзі кеше ғана білімін аяқтаған студенттің төрт жыл бойы білім жинауы керек пе әлде төрт жыл тәжірибе жинауы керек пе?! 
Студенттер арасында 50 тарта адамдар арасында сауалнамаж жүргізіп көрдім. Сізге өтірік маған шын, 10 шақтысы ғана өздерін маман ретінде санай алады. Әрі сол алған білімі бойынша жұмыс жасайтынына кәміл сенімді. Ал қалғаны қара жұмыстың қамын күйттейміз, мына диплом «нан» болмайды дейтіндер көп. Бұл қандай үрдіс?!
Талабы тау қопаратын түлектің мантиядан кейінгі тағдырын «Мс McDonalds»-тің «мантиясы» күтіп тұр. Қып –қызыл дипломның шамасы көрімдік жинағанша болғаны ма... 

©Марғұлан АҚАН