Жаңа интернет тренді: Жарты бет MakeUP!
жеке
блог

Жаңа интернет тренді: Жарты бет MakeUP!

Әрбір қыздың сырт бейнесі ер адам үшін маңызды. Сондықтан сұлу бойжеткендер барынша тартымды әрі көрікті макияж жасауға тырысады. Макияжды үнемі қолданатын қыздар қолданудан бас тартатын достарын өзіне сенімсіз деп санайды. Сондай-ақ, көбі ұялатындықтан макияж жасауға батынбайды.

Осындай көзқарасты жою мақсатында Никки (Nikkie) есімді Youtube қолданушысы, макияж бойынша видеодәрістерді жасаушы, жаңа интернет трендін бастаған болатын. Ол жаңа видеодәрісі арқылы MakeUP құдіретін танытуды қалайды.

Никкидің видеосы танымалдыққа ие болғаннан кейін бүкіл әлемнің сұлу қыздары бетінің жартысына макияж жасап, Instagram желісіне селфи етіп жүктей бастайды. Олардың барлығы #ThePowerOfMakeup деген хэштегпен жүктелді. Қысқа уақыт ішінде ғаламтор тренді мәдениетке айналып кеткен сияқты. Ендеше суреттерге шолу жасап, өз пікірлеріңізді қалдырыңыздар!