Мен қалай ұшқыш болдым...

Мен қалай ұшқыш болдым...
жеке
блог

Ұят енді, әлі ұшақпен ұшып көргем жоқ десем ешкім сенбейді. Солай енді, әлі шет ел көргем жоқ. Басқа қаланың адамдары көбі Алматыға келу үшін отырады ғой, мен сол Алматының түбінде тұрғасын оған деген қажеттілікте болмады. Бірақ, енді оған ұялмаймын :). Себебі, миллион рет ұшаққа отырса да ешкім мен сияқты ұшқыштың орнына отырып суретке түсіп, ұшақты виртуал түрде болса да қондырып көрмеген шығар :). 

Әңгіме былай болды. Эйр Астана компаниясы бізді жаздың шуақты күнінде өздерінің жұмыс сапасын көрсету мақсатында блогтурға шақырды. Қуанышымда шек жоқ, ұшаққа отырып қана қоймай ұшақтың жүрегінде көріп тастадым ғой. Жүрегі енді моторы ғой. 

Ұшақтың бас жағында орналасқан мотордың іші тоққа толы екен. Мынау ұшақтың астынан түсірілген сурет. Яғни әр ұшақ бір жақтан ұшып келгесін ангарға (ұшақтарды тексеретін жер) келіп тексеруден өтеді. Әр ұшақ әлемдік стандарттарға сай басынан аяғына дейін тексеруден өтеді. Ал әлемдік стандартты алу мен оны сақтау әр авиакомпания үшін өте қиын жұмыс. Себебі әр стандарттың артында үлкен тексеріс болады. Қазақстан бойынша тек Эйр Астана авиакомпаниясы ғана ЕО қабылданған EASA/Part145 стандарты бойынша жұмыс жасайды. Ұшақтарды толыққанды тексеруден өткізетін ангарды құру үшін 500 000 АҚШ доллары қажет. Біздің Қазақстанда алғашқы ангар 2008 жылы Эйр Астана компаниясында ашылған. Қазіргі кезде бұндай толық қанды қамтылған ангарлар Алматы, Астана, Ақтау қаласында бар. Ангарлар бір уақытта екі самолетты қабылдай алады.

Байқадыңыздар ма, ұшақтың дөңгелектерінде протекторлар жоқ. Қорықпаңыз, бұл дөңгелектің тозғанын білдірмейді. Оларда протекторлар болмайды, себебі көліктер сияқты жаман жолмен жүрмейді, тек таза орынға қонғандықтан оларға протекторлардың қажеті жоқ. Ұшақ дөңгелектері екі айда бір ауыстырылады. 

"Ұшақтың алды құстарға соғылғаннан кейін неге майысып кетеді?" деген сұрағыма жауапты енді білген сияқтымын. Себебі, ұшақтың алдыңғы бөлігі пластмассадан жасалады. Оны жиі ауыстырып отыратындықтан оны пластмассадан жасайды, құстар соғылғаннан кейін де міндетті түрде ауыстырылады. Қалған жағы темірден жасалған.  

Мынау ең кішкентай ұшақ Embraerдың іші. Біз келген кезде бұл ұшақта тазалау жұмыстары жүріп жатты. 

Анау сәбіз түстес болып тұрған қорапша "Қара жәшік" деп аталады. Өздеріңіз білетін қара жәшік сол, бірақ оның түсінің қара емес екенін байқаған шығарсыздар. Оны тез табу мақсатында сары түске боялады, ал қара аталуы қаралы күнге байланысты болса керек. Ол ұшақтың артқы бөлігінде орналасады. Айтпақшы, ұшақтарда бір емес екі қара жәшік болады.

Эйр Астана компаниясында қазіргі кезде жалпы саны 30 ұшақ бар. Олардың орташа жасы 6 жас, әр ұшақ тікелей заводтардан алынған. Олардың ішіндегі ең үлкені - Boeing 767. Адам атымен аталатын 6 ұшақ бар. Оларға Әлия, Мәншүк, Хиуаз, Роза, Ғазиза, Дина атты қазақтың батыр, талантты қыздарының есімдері берілген

Бұл - Boeing 767 2014 жылы жасалған, нағыз заманауи ұшақ. Бұндай ұшақтар саны үшеу. Boeing 767 ұшақтары әлемдегі ең үлкен ұшақ болып саналады. 

Өздеріңіз көріп отырғандай бұл орындар бизнес класс орындары. Жолаушыға жайлы болу үшін барлық жағдай жасалған. 

Ал мынау эконом класс орындары. Бұл жақта да бар жағдай жасалған. Барлық орындардың алдында тв экран, наушник қарастырылған. 

Мынау тамақ, сусын қоюға арналған орындар. Ұшақтың ішінде тамақ жасалмайды, бар тамақ бұл жерде тек ысытылады. Әр адамға 1,5 литр су, 1,5 сок есептелінеді. Спирттік ішімдітерде беріледі, бірақ көп дәрежеде ішуге тиым салынған. Тек ұшар алдындағы қорқынышты жою мақсатында ғана беріледі. 

Қалауыңыз өзгеше болса ұшаққа отырмас бұрын 24 сағат бұрын тамаққа жеке тапсырыс беруге болады. Тапсырыс берерде ұшар уақытыңызды, қай бағытқа ұшатыныңызды, орныңызды айтсаңыз болды. Тапсырысыңыз орындалады. Оған қосымша қаражат алынбайды. Айтпақшы, қасық-вилкаларды үйге алып кетуге болмайды! 

Апатты жағдайда ана қызылды ұшырады (кешіріңіздер, қалай аталатынын ұмытып қалдым). Сол арқылы спутниктер ұшақтың қайда қонғанын, батқанын, құлағанын анықтай алады. 

Мынау менің Боинг 767нің ішінде ұшқыштың орнында отырған кезім. Ұшақтың терезесінен көп нәрсе көріне қоймайды, себебі не керектің бәрі алдыңдағы монитордан көрініп тұрады. Ал терезенің қалыңдыңы 10 см. Ол үш қабаттан тұрады. 

Мынау Embraer ұшағының ұшқыштар отыратын жері. Өздеріңіз көріп отырғандай бұл жерде мониторлар арқылы барлық нәрсе көрініп тұр.  Айтпақшы кабинканың іші тетіктерден көрінбейді. 

Мынау Боинг 767нің ішінде тұрған тетіктердің бір бөлігі ғана. Ал ұшқыштарға осының бәрін жатқа білу қажет, біреуін білмесең болды апатты жағдай орын алуы мүмкін. 

Енді бортсеріктерге келсек. Әр бортсерік міндетті түрде 45 күн оқу-жаттығу жұмыстарынан өтеді. Әр бортсерікке қойылатын талап бойы 165 метр, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу міндеті және жүзе білуі керек. Оқу біткеннен кейін емтиханнан өткен бортсерік қана жұмысқа қабылданады. 

Мына біз отырған жер мокап деп аталады. Бұл жер тура ұшақтың іші сияқты қылып жасалған. Осы жерде бортсеріктерге сабақ өтеді. Әр бортсерік алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Бортсеріктер апатты жағдай кезінде ұшушыларды аман алып қалу үшін барлық жағдайды жасауы қажет. Айтпақшы, егер ұшақта өзіңізді ұстай алмайтын болсаңыз сізді бортсеріктердің байлап тастауына құқы бар.  

Мынау ұшқыштардың оқу-жаттығу орталығы. Бұл жерде жаңадан бастаған ұшқыштар да, тәжірбиелі ұшқыштар да білімдерін жетулдіру үшін осы жерге келіп тәжірбиеден өтеді. Мына жердегі құрылғы тура Боинг 767 ұшағының көшірмесі. Бұл жерде ұшақты ұшырып қана қоймай, қондырып та үйренесіз. Ең қызығы бұл апаратта отырған кезде тура тікұшақта отырғандай желдің кедергісі, жауынның жауыуы бәрін сезінуге болады. 

Ұшақ қондыру оңай жұмыс емес екен, аспаннан ұшып келе жатқан кезде ақ жолағыңыз көрінбейді екен, ұшақты дұрыс қондыру асқан шеберлікті қажет етеді. 300 дей адам мен өз өмірің сенің қолыңда екенін сезіну қандай ауыр жүк десеңізші... 

Әрқашанда жолыңыз болсын! Қауіпсіздік басты нәрсе екенін ұмытпайық! Менің ұшқыш болу тәжірбиемнің бұл бастамасы екеніне сенем десең иа :) 




Бөлісу: