Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билетер және әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер алу мүмкіндігі

Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билетер және әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер алу мүмкіндігі
жеке
блог

Егерде сіз өзіңіздің жоғарғы оқу орнын бітіргендігіңізді растайтын дипломыңыздың түпнұсқасын жоғалтқан болсаңыз, ХҚКО-на жүгіне аласыз. Орталық арқылы өз дипломыңыздың телнұсқасын алуға тапсырыс беру мүмкіндігі туды. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Аталмыш қызмет халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей ала алады.

Ол үшін сіз орталыққа төмендегідей құжаттар тізілімін ұсынуыңыз тиіс:

1) бекітілген  нысанда өтініш;

2) құжаттың нөмірі мен тіркелген күнін көрсете отырып, құжаттың жоғалғандығы туралы мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған хабарландырудың көшірмесі;

3) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің түпнұсқасы;

4) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының тегінің (атының, әкесінің атының) өзгергенін растайтын құжат;

5) жарамсыз немесе алдыңғы жылдары толтырған кезде қателері бар (болған жағдайда) білім туралы құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет.

Толық ақпараттық мәліметтер мен қажетті құжаттар тізілімін электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

Серікбол БЕРІКҚОЖА

«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының

баспасөз хатшысы