"Көлік дәріханасы" несі-ей?!

         Таңғалысымды жасырмайын, осы күні тіпті қазақ тілінде сөйлемек түгіл, орысшаны қазақшаға аударғанда да қателіктер кездесетін болыпты. Оған мысал: Орал қаласында машина жөндеуге арналған құралдар мен машина бөлшектері сатылатын орталықты «Көлік дәріханасы» деп аударып қойыпты. Яғни, орысша - «автозапчасти», қазақша – «көлік дәріханасы». Маған бұл біртүрлі көрінді. Өйткені, дәріхана – адамдардың денсаулығына қажет дәрілер сатылатын орталық, көліктің бөлшектері сатылатын орталықты «көлік дәріханасы» деген ерсілеу көрінетін секілді. Ең бірінші көргенімде күлгенім де бар. Қызық... Осындай қателіктер қашан дұрысталады екен?!



Бөлісу: