Рамазан айы

Рамазан айы
жеке
блог

Жалпы әр мұсылманның бес парызы бар. Олар: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед САУ Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, ораза тұту, қажылық қылу. Ал оны орындау қазіргі күні көпке бармай өзіміздің қазағымыз қолынан келіп жүр ме?! «Ниетіміз түзу не болса да» деген сөзді өз басым жиі естимін.Жақында құрбыммен мешітке барып едім.Сонда біз тұмар тағу жайлы сұрадық.Тұмардың өзі Аллаға серің қосумен тең екенін түсіндім. Иманның сөздері мен қатты ойландырды. Ол: «Адамдар тыныш жақсы өмір  сүруін Алладан тілейді. Алайда әр нәрсенің сұрауы бар. Алла бізге бәрін өзі береді,қаласа бәрін өзі қайта алады. Алланың шапағатына бөлену қиын емес. Ол күніне көп дегенде жарты сағаттай уақытты талап етеді. Яғни, бес рет намаз оқып,дәрет алу». Расымен де ,бұл көзі ашық көреген азаматқа арналған тамаша сөздер. Бүгініміз бен ертеңіміз жақсылыққа толы болсын десек, алдымен, өзіміз әрекет етуіміз керек. Ал жылына бір-ақ рет келетін қасиетті Рамазан айын дұрыс пайдаланбай, уақытты бос өткізу – мүлдем ұят нәрсе. Ауа райының қандай ыстығына,не салқындығына қарамастан Аланың ризашылығы үшін,ауыз тыю үлкен жақсылықтың басы деп білемін. Бұл айда тек игі істермен айналысқан дұрыс. Тұрмысы төмен отбасыларға ,балаларға және үлкен адамдарға қамқорлық көрсетіп, тіпті қасыңда жүрген көмекке зәру құрбы-құрдас, достарыңа қол ұшын беруге болады.

            Бұл айдың қасиеті жайлы көп жазуға болады. Мен биыл мектептің жас түлегімін. Емтихандардын сүрінбей өтіп, алтын белгімді қорғауыма екі жыл қатарынан ауыз бекіткенімнің де пайдасы тиген шығар. Мұның барлығы тек Алланың ризашылығы үшін жасалып жатқан дүние. Жүрегіміз таза, ниетіміз ақ болған күнде ғана екі өмірдің жұмағында өмір сүретінмізге кәміл сенемін. Рамазан айы мүбәрак болсын, жамағат!