Үрей

Таңнан бері Азаматтың мазасы жоқ. Сағат тілі межелі уақытты көрсетуге жақындаған сайын, бойын үрей билеп, жүйкесі сыр бере бастады. Төрт қабырғаның ішінде арлы-берлі теңселді де қалды. Миын жеп бара жатқан бір нәрсе бар. Бірақ оның не екенін өзі де білмейді. Біледі тек, нақты емес. Компьютеріне махаббат көздерімен бір қимастық сезіммен қайта-қайта қарайлай берді. Әлеуметтік желіде болып жатқан жаңалықтарды, мәні жоқ бос уақыттарын, тап осы бір минуттардың ішіне сидырып жібергісі келіп отыр. Ол орындалмас арман еді. Кеше түнде шай үстінде одан бақытты, одан шат адам жоқ еді. Кенеттен келген телефон қоңырауын әкесі алып, ары жақтағы адамға сондай бір сүйіспеншілікпен амандасып, сөйлесіп жатты, әлдебір дүниеге келісімін де берді. «Жіберемін, барады» деген сөздерді естіп отырған Азаматтың жүзіне қара бұлт үймелеп, түнергелі міне екінші күннің таңы да атты. Есік алдына мәшине де келіп тоқтады. 
- Азамат! Ей, Азамат! Жүр енді.
Терезеден үйіне телміре қарап кетіп бара жатқан Азаматтың көзіне жас келді. Ішінен кеше түнде әкесі айтқан үрейлі сөзге қадалып келе жатыр: «Әрине, Азаматтың да ішіп пысты, жайлауға барып демалып қайтсын. Интернетсіз тынығып алсын»... 



Бөлісу: