ӘР ҚАЗАҚ ОҚЫП КӨКЕЙІНЕ ТҮЙСІН

Бұл жыр шумақтары ҚАЗАҚ сондай, ҚАЗАҚ мұндай деген адамдарға арналған!! Қолда барда алтынның қадірі жоқтың кебін киіп қалмаңдар дейміз оларға!!!

Ал БАУЫРЫМ енді бір сәт елестет
Бұл ОТАНЫҢ өз ОТАНЫҢ емес деп,
Бостандығың ТІЛІҢ, ДІЛІҢ- тәуелсіз 
Оралмайтын өткендегі- елес деп.

САРҚЫЛАРДАЙ БОЛЫП ҚАЛҒАН- сарқытындай ЕСКІНІҢ
Кеткенін көріп ЕЛІҢНІҢ- ҚИЮУЫ МЕНЕН КЕСКІНІН.
Кінәлі қып Сол нәрсеге- күйе жағар әрқашан
Ойлап қараш -ЖЕРІҢДЕ жоқ ЕЛІҢДЕ жоқ ЕШКІМІҢ...

Орақ тілің, дастан жырың тигізе алмай СЕПТІГІН
Әдірем қалып БАТЫРЛЫҒЫҢ, ӨШПЕС ДАҢҚЫҢ, ТЕКТІГІҢ,
Өзге жұрттың -қылышымен күшінен
Сай салада,Қашуменен өтіп жүрсе бес күнің..

Байрақтағы қыранныңның -қанаттары кесіліп
Нұрлы КҮНІҢ, суреттердей қалса орны тесіліп..
СЕН тимаған КЕЗІНДЕ, БАЛЛАРЫҢНЫҢ АНАСЫ
Жүрсе егер Жат жұрттың - көздерінше шешініп..

Тарихыңды көргеніңде сол болашақ түргенін
Бекзатарың құл болар 
Тұлымдылар тұл болар
Шындығында кәзір ойнап күлгенің
Жайбірақат бейбіт өмір сүргенің
Болашақта тасқа қашар жыр болар..

Бүл өлеңге жинақтап ,астарлатып түйгенім 
Қаламасаң ұрпағыңның болашақта күйгенін
Дүниемен алдандырмай көзіңді
Қәзірден бастап тәрбиеле өзіңді
Есіңді жиып қызмет қыл еліңе 
Көп сөйлемей, далаға шашпай сөзіңді..

Айып етпе Бауырым, артық кетсем КЕШІРІП..
Елестетші, түсінерсің қаларыңды кешігіп...

БУРАХАН ДАКАНОВ



Бөлісу: