ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСҚЫРЛЫҒЫ ТУРАЛЫ БІР АУЫЗ СӨЗ..

МЕН 2012 жылы Ақтау қаласында Теңіз Жаяу әскерінің (МОРПЕХ) барлау ротасында ( развед рота) борышымды өтеген едім. Бойымнан бостандықтың ( гражданка) иісі кетіп, Черпакка аяқ басқан кезім! ( әскерде болғандар түсінеді).
Соғыстың қыр сырын үйреніп полигонда жатырмыз. Жанымызда -кезінде әскери борышын өтеген адамдардың- қайтадан ұрыс тәсілдерін еске түсіруге өмірлерінің 40 күнін арнағандары жатты.. 
Түс ауған уақыт. Сарбаздармен тамақ ішіп болып- басында айтқан жігіттердің жатақтары тұсындағы БРМға ( боевая разведовательная машина) бет алдым.. Бір шатырдың маңайынан өте бергенде БАУЫРЫМ БЕРІ КЕЛ деген дауыс шықты. Қарасам сыртта ел жұрт қиналып, жаттығып жатса, шатырдың ішінде жалғанды жалпағынан басып екі нардай жігіт дем алып жатыр екен. Офицер еместінін сезіп, еркінсіп- қолдарын алып болғаным сол еді, төрдегісі: БАУЫРЫМ РУЫҢ КІМ?- деп сұрақты төтесінен қойды. 
Мен: Найманмын, өзің кім?? 
Мырс етіп күліп: Адаймыз ғой а так. Қай жерденсің?
Мен сөзден беріскім келмей: А так Аягөзденмін брат. Естуің бар шығар?- дегенім сол еді, басында менсінбей жатқан аға басын көтеріп: Жақсылардың жерінен екенсің, РЫЖЫЙ АЛМАСТЫ танимысың?- деді баяу үнмен. 
- Танимын. Түрін көрмесемде, ісіне қанықпын- дедім
- Мықты жігіт еді.. Аздап кідіріп әңгімесін ары жалғады: Кезінде Ақтаудың мұнайын ҚЫТАЙЛАР БАСЫП, жемісін көріп жатқанда- сол жігіт кеп, аяқтарын бір етікке тығып БАШНЯЛАРДЫ тартып алған еді. Мен жас болатынмын. Көптеген кісі, ішінде өз әкем бар сол жігіттің арқасында мұнайшы болып жұмысқа кірді. Әлі күнге дейін ризамын. Әттең өлтіріп тынды ғой- деп ойланып қалды. Мерейім өсіп, ішімнен Алмас аға туралы әңгімелерді еске түсіріп риза боп қалдым.
Аз уақыттан соң асығып тұрғанымды көріп қасындағы жігітке : Мыналардың қарындары ашып жүрген шығар, анау мынау салып бер. Кезінде бізде темекіден умирать етіп жүруші едік. Ана екі үш блок темекініде сала сал- деді. Сосын тұрып : Жарайсың бауыр. Ағаңа лайықты жігіт бол - деп арқамнан қағып, есіктен шығарып салды. Екі блок темекімен, екі пакет ұстап аяқ астынан байып шыға келген Мен- БРМді ұмытып, өзіміздің балаларға қарай жүгіріп кеттім.. 
Басымнан өткен бұл жағдайды жариялай отырып сіздермен бір ойыммен бөліскім келеді! Негізінде ҚАЗАҚТА Алмас аға сияқты арландардың аз болмағаны шындық! Бірақ қазір халық арасында: Ойбай жігіттер баяғыдай емес, баяғы қасқырларымыз қайта оралса ғой шіркін дейтіндер көбейіп кетті!! Сөздің қысқасы оларға берер жауабым: ҚАСҚЫРЛАР АЗАЙМАСЫН десең, ҚАСЫҢДАҒЫ БАУЫРЛАРЫҢДЫ БӨЛТІРІК КЕЗІНЕН- БӨРІ ҚЫП ТӘРБИЕЛЕ!!!!
Бурахан Даканов



Бөлісу: