МЕН ҚАЗАҚПЫН!!!!!!

Тасқын болып қопарар- қалың сеңді
ҚАЗАҚПЫН мен танымасаң, таны енді.
Талай жауың көзін салып баса алмаған
ИЕСІ МЕН осынау байтақ жердің.. 

ҚАЗАҚПЫН МЕН, тегің кім деп тектемеген
Ере келген иткеде кет демеген.
Пейілім түссе атымды сыйға беріп
Бір атым насыбайға өкпелеген..

ҚАЗАҚПЫН, түнемеген төріне түн
Бар сыры домбырада төгілетін
Аңқылдаған ақ көңіл ел боламын
Аузын ашса жүрегі көрінетін..

ҚАЗАҚПЫН, көзімде от ойнақтаған
Ат жарыссыз тойымды тойлатпаған..
Ер елдігім ешкімді жатсынбаған
Тереңдігім ешкімді бойлатпаған..

Қобыланды ҚАЗАҚПЫН батыр елмін
Қозы Баян, ҚАЗАҚПЫН тату елмін..
Аспаныңа күн болып шыға салған
Абай туған ҚАЗАҚПЫН ақын елмін.

Соқпағында том тарихтың сүрінбеген
Шоқпын мен, тоңғандарға жылу берген
Боран болып тағдырым соқса дағы
ӨШПЕГЕМ МЕН, қасқайып күлімдеген...

Бетіңе айтам жоқ менің жасырғаным
Құдайға тек , тізе бүгіп бас ұргамын
Керек қылсам- иығыңнан басыңды алам
ІРІТКІ САП , ҚҰТЫМДЫ ҚАШЫРМАҒЫН..

МЕН ДАКАНОВ БУРАХАН БҰЛ ӨЛЕҢНІҢ ШУМАҚТАРЫН ӨЗГЕРТІП, РУХ БЕРЕТІН СӨЗДЕР ҚОСҚАНЫМА КӘКЕЙ АҒАНЫҢ АРУАҒЫНАН КЕШІРІМ СҰРАЙМЫН!!!!



Бөлісу: