Ота кезінде анасынан бір елі де алыс кетпеген коала

Махаббат – бар әлемнің тіршілік нышаны. Мұны жануарлар әлемінен де айқын тануға болады. Лиззи есімді коала көлік апаты кезінде зақымданған. Ал оның баласы Фантом анасына ота жасау кезінде оны қаншалықты қатты сүйетінін дәлелдеді.

Оқыс оқиға Аустралияның Варрего тасжолында орын алған. Абырой болғанда бала коала аман еш зақым көрмеген.

Ол қиын-қыстау кезеңде анасынан бір елі де алыстамауға тырысып бағыпты. Лиззи комоға түскен кезде, баласы оны құшақтаумен болған. Құдайдың құдіретімен Лиззи аман қалып, өз баласына оралды. Сезімге толы суреттерді сіздер де тамашалаңыздар.



Бөлісу: