Оңтүстік Қазақстандағы белсенді жастар бірлесе жұмыс істемек

«Жастелеком» жастар ұйымының Оңтүстік Қазақстан аймақтық бөлімі және «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы өзара қарым-қатынас жөнінде меморандумға кол қойды.

2015 жылғы 14 мамыр күні Шымкент қаласында балалар мен жасөспірімдерді Интернеттің зиянды әсерінен, оның ішінде экстремизмді, діни ағымдарды, құмар ойындарын, наркоманияны, порнографияны, хакерлікті, суицидті және басқа да қоғамға қауіпті бағыттарды ақпараттандыруға көзделген қауіпті сайттар бөлімінен қорғау мақсатында, «Жастелеком» жастар ұйымы және «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Қазақтелком» АҚ әзірлеген «Ата-аналық бақылау» қызметін іске асыруға өзара қарым-қатынас жөнінде меморандумға кол қойды.
«Ата-аналық бақылау» қызметін Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қала орталықтарында насихаттау мақсатында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдарының, ата-аналар комитеттерінің қатысуымен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.
«Жас Отан» ЖҚ ОҚОФ төрағасы, Бауыржан Молдабек: 
«Жастелеком» жастар ұйымымен бірлесе отырып, «Ата-аналық бақылау» қызметін тарату және насихаттау мақсатында бірлескен жұмыстар атқарамыз. Нәтижесінде, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз интернетке қол жеткізу мүмкіндігі пайда болады. 
Дархан Көшікбаев, «Жастелеком» жастар ұйымының төрағасы:
Біз «Ата-аналық бақылау» қызметін тарату және насихаттау мақсатында ата-аналар жиналыстарына белсенді қатысатын боламыз.
Бұл өнім арқылы әр түрлі операциялық жүйедегі жеке компьютерлер, ноутбуктар, планшеттер және телефондарда интернетке қосылу мүмкіндігінің қорғанысын қамтамасыз етуге және контенттерді іріктеуге болады. Бұл қызмет зиянды контенттерді іріктеу сервисін көрсету жолымен интернетке қауіпсіз қосылуды қамтамасыз ету проблемасын толығымен шешеді. Баланың жасы бойынша қауіпті контентке мүмкіндікті шектеу қарастырылады:
7 жасқа дейін – бұғаттаудың жоғарғы деңгейі
7 жастан 12 жасқа дейін – бұғаттаудың орта деңгейі
12 жастан жоғары – бұғаттаудың төменгі деңгейі



Бөлісу: