Шымкентте Қазақстан жастар ұйымдарының қатысуымен облыстық жастар форумы өтті.

Шымкентте Қазақстан жастар ұйымдарының қатысуымен  облыстық жастар форумы өтті.
жеке
блог

Шымкентте Қазақстан жастар ұйымдарының қатысуымен  облыстық жастар форумы өтті.

Шымкентте 2015 жылғы 15 сәуір күні Қазақстан жастар ұйымдарының қатысуымен облыстық жастар форумы өтті. Форумға «Жас Отан» ЖҚ, «Болашақ» ассоциациясы, Қазақстан студенттер альянсы, Қазақстан жастары Конгресі, «Жасыл ел» жасақтары, облыстық этно-мәдени орталықтары жанындағы жастар ұйымдарының басшылары, спортсмендер, ақындар және студенттер қатысты.

Форум барысында жастар тарапынан Қазақстанды 2050 жылға межеленген мақсаттарға жеткізуде жастардың маңызды рөлге ие екендігі және Елбасы, Н. Ә. Назарбаевтың саясатының арқасында отанымыз биік белестерді бағындырып келе жатқандығы айтылды.
Форумға қатысушы Қазақстан жастар ұйымдары өңір жастарын 26 сәуір күні өтетін сайлауға белсене қатысуға шақырды.