24 мамыр – Еуропадағы «Саябақтар күні»

24 мамыр – Еуропадағы  «Саябақтар күні»
жеке
блог

«Саябақтар күнін» (The European Day of Parks, EDoP) еуропаның отыз алты елінде қорғалатын аудандарды біріктіретін – ЕУРОПАРК Федерациясы ұйымдастырған. 1909 жылы осы 24 мамыр күні Еуропада ең алғашқы Ұлттық саябақтың  негізі қаланған болатын. Ал ең алғашқы іс-шара 1999 жылы өткізіліп, әлі күнге дейін өз жалғасын табуда.

Біздің Азия дүние бөлігімізде мұндай күн атымен жоқ екен. Атаулы мерекенің Азия елдерінде де іске асса, мемлекеттердің арасындағы достық қарым-қатынастың ұлғаюы, табиғи аумақтарды қорғау жұмыстарында адамдар белсенділігін көтерілуі, көзқарастарының өзгеруіне жол ашылар еді. Өйткені Азияда жануарларды табыс табу мақсатында жаппай қырып тастау, фауналарды жою жиі орын алуда. Осындай іс-шаралар арқылы адамдардың жанашырлық сезімдерін оятуға негіз болар ма еді?