Қазақтың хас дұшпаны шығарған сөз

Қазақтың хас дұшпаны шығарған сөз
жеке
блог

"Қазақ десең, өзіңе тиеді” деген сөзді қай “тапқыр” ойлап тапты екен? Сол сөздi ҚАЗАҚтың хас дұшпаны шығарса керек. Менің лексиконымда бұл сөйлемге мүлдем орын жоқ! Өз қолымды өзiм кесiп, ақымақпын ба?! Қазақ қазақтығымен тек мақтануы тиіс!

ҚАЗАҚ кім? ҚАЗАҚ – кешегі ұлтты бір тудың астына ұйыстырған Керей мен Жәнібек. ҚАЗАҚ – үш жүзге билік айтқан Төле, Қазыбек, Әйтеке! ҚАЗАҚ – елінің азаттығы жолында басынын айырылған Кенесары! ҚАЗАҚ – Мәскеудің түбінде кеудесін оққа тосқан батыр Бауыржан! Қай ҚАЗАҚ осал?! Ата Түрiктiң даналығы сол, ”Түрiктiң Түрiктен басқа досы жоқ” дейдi. Ендеше, қазақ қазаққа неге тіл тигізеді? ”Құмалақ” кез келген ұлтта бар. Қаншама сұрапыл соғыс, саяси қуғын-сүргiн, аштық, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, Желтоқсан оқиғасы… т.б. нәубеттi басынан өткiзсе де, Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Күлтегiн, Ақан, Бiржан, Абай, Жамбыл, Құрманғазы, Дина, Әлихан, Рахымжан, Қасым, Ахмет,Тұрар, Жүсiпбек, Мiржақып, Сәкен, Iлиястар, Ыбырай, Қорқыт, Мәшһүр, Мұхтарлар, Ғабит, Дiнмұмаммед, Шәмшi, Жұмекен, Жандарбек, Шота-аман, Шәкендер, Мұқағали, Әмiре, Сүгiр, Кенен, Күләш, Розалар, Темiрбек, Нұрғиса, Жақсылық, Санжар, Мұжаммеджандар, Шерхан, Нұрғали, Нұрсұлтан, Дулат, Әбiш, Ескендiр, Ермек, Бибiгүл, Фариза, Алтынбек, Мақпал, Қайрат, Ләззат, Беколат, Майралар… (Аллаға шүкiр кө-ө-ө-п) сонымен қатар ата-баба, әке-шешемiздi туған ҰЛЫ ХАЛЫҚ емес пе, ағайын?! Кейде, байыбына бармай сөйлей салатынымыз рас. Пендемiз ғой. Шошқа жеп, ағайынымен құдаласып жүрген қаншама ұлттан мәртебемiздiң биiк екенiн де ескерейiк. Бiр-бiрiмiздi қаралай бергеннен мүйiз шықса бұғы болатын уақытымыз болды ғой.
Данышпан Абайдың:
“Бiрiңдi ҚАЗАҚ, бiрiң дос
Көрмесең iстiң бәрi бос” деген қанатты сөзiн ұстануымыз керек. Егер, әлеуметтiк желiлердегi жарты миллионнан астам оқырман достарымның ең болмаса 500-i “Қазақ десең өзiңе тиедi” деген сасық сөздi сөздiк қорынан алып тастаса, менiң ҚАЗАҚқа теңiзге тамшыдай болса да қосқаным деп есептер едiм. ҚАЗАҚтай ел қайда?!

Сәкен Майғазиевтің фейсбуктегі жеке парақшасынан