Сән әлемі. Слипондар мен слиперлер

Сән әлемі. Слипондар мен слиперлер
жеке
блог

Сән әлемінде ерекше және күрделі атаулы киім-кешектер көп. Бірін түсінсек, бірін түсінбей жатамыз. Сондай атаулардың бірі - слиперлер мен слипондар. Олардың не үшін олай аталатындығына, пайда болу тарихына және қалай үйлестіріп кию керектігіне қысқаша тоқталып кетейін.

Слиперлер (slippers)  ағылшынның to slip сөзінен аударғанда жұмсақ кілем үстінен сырғанау деген мағынаны білдіреді. Слиперлерді  IX ғасырда жоғарғы өкіл ер адамдары үйге киетін аяқ киім ретінде қолданған. Тек 60-жылдары ғана Роберт Кеннеди слиперлерді шалбар және жемпірмен кию үйлесімділігін көрсетті. 90-жылдардың соңында слиперлер жоғалып кетті. 2011 жылы Charles Philip компаниясымен қайтадан шығарылып, сәнге айналды. Қазір слиперлерді қыздар жұмысқа, серуенге, сабаққа немесе дүкенге баруға суйсіне киеді. Слиперлер кішкене өкшесі бар, бауы жоқ аяқ киімдер. Оларды дизайнерлер шұлықпен және кең шалбарлармен кимеуге кеңес береді.

 Слипондар –жеңіл киілетін баусыз аяқ киім. Слипондар жеңіл әрі төзімді материалдардан жасалады.  Жалпақ біркелкі резеңкелі табанымен ерекшеленеді. Бастапқыда мұндай аяқ киімдерді тек ер адамдар киетін, одан соң әйел адамдардың да гардеробында пайда болды.

Слипондар аяқ киімін 1977 жылы Пол Ван Дорен ойлап тауып, Vans маркасымен шығарды.  Бастапқыда спорттық үлгіде шығарылған слипондар тек спортшылар арасында ғана танымал болды. Бірақ 1982 жылы «Быстрые перемены в школе Риджмонт-Хай» фильмі үлкен экранға шыққан кезден бастап, бәрі өзгерді. Осы фильмдегі басты рөлдегі жасөспірім мектеп оқушысы Джефф кадрда ақ-қара дойбылы слипонда көрінеді. Және де сондай слипондар оның сүйікті аяқ киімі болып, міндетті түрде артық жаңа слипондары болатындығын көрсетеді.Басты рөлдегі кейіпкер 80-ші жылдардағы мектеп оқушыларының сүйіктісіне айналып, слипондар барлық жасөспірімдердің сәніне айналды.

Әйелдерге арналған слипондар кейінірек пайда болғанымен, әйелдер арасында сәнге тез айналды. Себебі, ашық, әдемі және ерекше дизайнмен шығарыла бастады. 

Мұндай аяқ киімдердің тағы бір ерекшелігі әмбебаптығында. Слипондарды шалбармен және белдемшемен немесе көйлектермен кие бере аласыз. Тегіс қара немесе ақ слипондар алсаңыз, спорттық және классикалық киіммен де үйлестіре аласыз.