Білім министрі Аслан Сәрінжіпов Facebook-тегі жазбасы үшін сынға ұшырады

Білім министрі Аслан Сәрінжіпов Facebook-тегі жазбасы үшін сынға ұшырады
жеке
блог

Білім министрі Аслан Сәрінжіповтің Facebook-тегі жазбасын көпшілік сынға алды. Министр қазақ тіліндегі 8 сөздің 3-еуін қате жазған.

“Аулдағы атамыз 100 жылға толды. Ұстаз, мектептін директоры болған. Поздравляем со 100 летним юбилеем аташку, учителя сельской школы”, — деп Сәрінжіпов фотоға құттықтау сөзін жазған. Министр парақшасының оқырмандары қателерді бірден байқап қойған: “аул” сөзі “ауЫл”, “мектептін” сөзі “мектептіҢ” деп жазылуы тиіс еді. Сонымен қатар “100 жылға” деудің орнына “100 жасқа” деп айтуы дұрысырақ болатыны да оқырмандардың назарына іліккен.

Көп ұзамай Сәрінжіпов барлық қателерін түзетті. Енді сөйлемнің әр сөзі қатесіз, өз орнымен жазылған: “Ауылдағы атамыз 100 жасқа толды. Ұстаз, мектеп директоры болған. Поздравляем со 100 летним юбилеем аташку, учителя сельской школы”.

g

nur.kz