Жалғыздықта "жалғызым" іздегенім..

Жалғыздықта "жалғызым" іздегенім..
жеке
блог

Кешқұрым.. Күн ұясына батып та кеткен-ді! Ол жұлдызды аспандағы бір ғана жарық жұлдызға қарап ,көз алар емес.Жалғыздықтың жұпыны күйімен үнсіз тілдесіп отыр..Бірде.,.желге тербелген терезе алдындағы талдардың тылсым сырымен бөлісіп,тілдескісі келеді,.кейде олар желмен қатты-қатты тербетілгенде дәл қазіргі оның ішіндегі барлық дертін қоздырып әкеткендей болады мұңын да,шерін де! Тыныштықтағы,жалғыздықтағы жүректі беймаза халге түсіреді!Ал,анаау алыыстағы қала шамдары оған талдар арасынан жалт-жұлт етеді.Құдды бір оның ғайыптан келіп орындалатынына қатты сенетін ғажайыптары секілді...Ол бүгін жоғарыдағы тақырыппен жыр жолдарын жазғысы келген,бірақ,.оның көмейіне келген сөздер осы ғана болды.Мүмкін,бұл да тағдыры болар.Ол "жалғызын" барлық жерлерден іздеді,айдан,аспаннан ,жұлдыздан тіпті жарық шамдар мен талдардан да,барлығынан,бірақ..таппады..!Сол баяғы жалғыздықтың құшағынан тағы да пана іздемекші! Қашан келер екен,ә?!Тезірек келіп қуантса екен!
Бірақ,"жалғызын"тапқанда тамаша туынды шығатынына қатты сенеді!

Айтпақшы,анаау жұлдыз әлі жарқырап тұр!)))