Блогқұрылтай-2012. Суреттер-3

Жазбаның басы мында сосын мында )

Сәлем )

Тағы да блогқұрылтай туралы )

Маған бұл блогкэмпте ұнағандар:

-Астана

-презентациялар

-Айжантабын

Ұнамағандары:

-Сатыбалдының келмегені

-Асхат ағайдың болмағаны

-Назарбаев университеті

Бірінші күні кафеде жиналдық. Жұрттар жиналып қалыпты. Бос орынға отырдық. Менің қасымда отырғандар Айжантабынның сұлу сіңлісі мен Қарақыз екен. Сосын baq.kz сайтынан Жазира деген қыз отырды. Сосын барып Алтыградус келді.

Не керек, сол күні елдер "Сатыбалдының Ұшқыны қайсы?" деп көріп кетіп жатты ) Кішкене ыңғайсыздау болып қалды )

Келесі күні Назарбаев университетінде Блогқұрылтай басталды. Бұл күні көңіл-күйім күшті болды. 

Бірнеше презентацияға қатысып, біраз нәрсе үйрендім )

Соңында Сәлімгерей аға өзі ұтып алған қолшатырын маған сыйлай салды ) Билайн қолшатырын не істеймін? деген шығар ) Дегенмен, үлкен естелік болып қалды. Рақмет! )

Блогқұрылтай біткен соң, блогшылардың жартысы мафияға, жартымыз мұз айдынға кеттік. Бұл жақта да қызық болды )

Келесі күні Анара екеуміз ешкімге айтпай ұрланып Бәйтерек жаққа қыдыруға келсек, блогшылардың бәрі осы жақта жүр екен ))) 

Жалпы ұнады ) Келесі жылғы Блогқұрылтайды асыға күтемін ))



Бөлісу: