«Мейірім» деген сөзді сондай жақсы көремін!
жеке
блог

«Мейірім» деген сөзді сондай жақсы көремін!

«Адамдардың екі-ақ түрі болады: жақсы мен жаман» дегені есімде бір фильм кейіпкерінің.

Жақсы адамда да, жаман адамда да жүрек бар. Ал жүректе МЕЙІРІМ деген ғажайып өмір сүреді. Жақсы адамның жүрегіндегі мейірім гүлдеп тұрады да, жаман адамның жүрегінде мейірім дәні бір жерде ескерусіз қалып қоятын болар, бәлкім.

Көрінбей қалған мейірім қолданыстан да қалады, ақырында жүрек иесі мейірімсіз, рақымсыз атанады. Қатыгез, арам деп ат-тонымызды аулақ сала бастаймыз ондай адамдардан.

Ең жаман деген адамның жүрек түпкірінде мейірім болатынына сенемін. Тек оған жол таба алмай, оята алмай қиналып қалатынымыз бар. Сол мейірімді ояту үшін өз жүрегіңізде мейірім гүлдеп нұрланып тұрса игі.

«Мейірім» деген сөзді сондай жақсы көремін! Еш себепсіз жақсылық жасауға итермелеп тұратын ғажап сезім ғой. Мына әлемді нұрландырып, адамдарды бір-біріне бауыр, дос етіп жіберетін алапат күші бар. Сол үшін де  бұл сөзді жақсы көремін ғой.

Менің осынша шимайлап айтып отырған ойымды ғұламалар:

«Жамандық жамандықпен жойылмақ емес, жамандықты жоятын – жақсылық»

 «Мейірім көрсеткен – мейірім көреді», деп бір ауыз сөзбен түйіндеген екен.

Сіздерді әлемді нұрландыруға ат салысуға шақырамын! Мен сіздерді жақсы көреміііін)