Кек алушылар: Альтрон дәуірі

Кек алушылар: Альтрон дәуірі
жеке
блог

Мен сияқты Marvelдің өнімдерін жақсы көретіндер үшін нағыз қуанышқа толы фильм болды.  Шыны керек, бұл киноларды жай теледидардан не комптан көре салу Марвелге жасалған қастандық дер едім. Себебі киноның барлық керемет көрі үшін кинотеатрдан 3D дан қараңыз дер едім. 

Сонымен, "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" фильмін қарауға 7 себеп

  1. Ол жоғарыда айтқандай Марвел өнімі, фантастика болғанымен адамды дамуға, жаңа техниканы меңгеруге итермелейтін алғашқы сүйреушілік күші бар. "Шынымен роботтар адамдар сияқты ойлай бастаса, әлемде шынымен ерекше қасиетке ие адамдар пайда болып бізге көмекке келеді" деген қияли ойға жетелейді. Әрі осы қаһармандар сияқты батыл, батыр, мықты, ойлы болуға жетелейтіні даусыз. 
  2. "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" фильмі қазақ тіліне аударылған 11- фильм әрі бірінші рет 3D форматында көрсетілген қазақтіліндегі әлемдік кино. 
  3. Аударма сапалы, эмоция бар. Әрі жәй өмірде Мақпал Исабекованың дауысының қандай екенін байқай аласыз. Меніңше, Мақпал өзіне қойылған талапты жақсы алып шыққан. Әсіресе Наташа Романоффтың қырындау кезіндегі дауыстарын құбылтуы, мейірімділігін дауысы арқылы бере алған. Бірақ, бізде әлі де "мәдениеттілікә жоғары. Кинода айтылған жаман сөздер сол қалпында қазақша жақсылап айтылса киноның бағасы аса түсер еді. 
  4. Актерлық құрам. Мен өлердей жақсы көретін Скарлет Йоханссонның өзі неге тұрады? Әр рөлге байланысты өзгеруі әрі сол фильмдегі барлық трюктерді өзінің орындауы таңқалдырмасыңды тудырмай қоймайды. 
  5. Элизабет Олсен "Кек алушылар" командасында жаңадан пайда болған Алая ведьманы ойнайды. Кино әлемінде өзін басқа қырынан танытып келе жатқан жас актриса. Бұған шейін тек романтикалық фильмдерден көріп үйреніп қалғасын мына рөлді алып шығуы ұнады. 
  6. Спецэффектілер. Мен голливуд киноларындағы спецэффектілерге қатты қызығам. Адамды ерекше баулап алады және қай жерде қандай эффект берсе адам қалай әсер беруін біледі. Халк мен Темір адамның төбелесін көру керек. Оны жеткізе алмайсың сипаттап.
  7. 7. Осы жылдың көктемінің ең күтулі фильмдерінің бірі болғандықтан сен міндетті түрде көруге тиіссің. Ең қызығы қазақша қалжың сөздердің үйлескені ұнады. Мың оқығанша бір рет барып көргенге жетпейді. Сәттілік!