Сегіз қырлы, бір сырлы...

Сегіз қырлы, бір сырлы...
жеке
блог

        Өмірде талай жанды кезіктіресің. Бірі –ақылды, бірі –батыл, бірі –еңбекқор, бірі –адал болып, қайткенде де өміріңнен орын алады. Ал менің бүгінгі кейіпкерім –жұлдызы жарық жан. 

айтыс         Мен мектепте оқып жүргенде Нұрсұлтан екеуміз «Арда» газетінде  жұмыс істедік. Өзі салмақты, сыпайы, тәрбиелі жігіт болып көрінді және «программалаушы» мамандығын бітірген, компьютердің сырын білетін. Әрі газеттің талай дизайнын жасауға қолғабыс етті, біршама іс-шаралар өткізгенде де көмегін аяған емес. Бір күні күтпеген жерден газетке өлеңі шыққанда таң қалдық. Техника маманының ақын болуы –мен үшін таңырқайтындай-ақ жағдай еді. Оның үстіне жинақы, өлең формасына сай, буын саны, ұйқасы орынды әп-әдемі жырды көргенде қалай қуанбассың?                                                                                                                                                                      Мектебімізде жас ақындар айтысы өткені есімде. Сол айтысқа Нұрсұлтан шапанын киіп, домбырасын асынып келгенде «ән айтатын шығар?» деп бір ойландым, бірер минуттан соң  айтысып отырған Нұрекеңді көріп, «ә, бұл балаға дауа жоқ екен, қолынан келмейтіні жоқ» деп тағы қуанғанмын.

тілек

тілек2            Арада бірнеше жыл өтті. Бүгінде мен студент болдым,  Нұрсұлтан Орынбасаров «жаттықтырушы» болып үлгеріпті. Иә, иә, сіз ойлағандай спорт жаттықтырушысы. Енді қалай таңданбайсың? Көптен бері сөйлеспеп едік, әңгімеміз жарасып, талай құпияның сыры ашылғаны рас.    
команда            Сөйтсем, бұл Нұрсұлтан «Баһадүр» спорт клубының жаттықтырушысы болып жүр екен. Ауызының суы құрып, өзінің шәкірттерін мақтады-ай кеп)) «Адамды өзге туралы айтқанынан таны» деген осы болар.спорт         Қазіргі таңда Нұрсұлтан жекпе-жектен біраз белестерді бағындырып үлгерді. Спорттағы лақап аты «Жылан». Бұл аттың берілуі де ерекше жағдай. Ол жекпе-жекке шыққанда аяқ астынан «Жылан» деп хабарлайды, өзінің лақап аты қашаннан бері «Жылан» болғанын түсінбеген Нұрсұлтан, осы жарыста жеңіске жетеді. Көрермен болып жиналғандар құрмет көрсетіп, жан-жағына «Жылан» болып танылады. Жекпе-жектен соң, жаттықтырушысы «Нұрсұлтанның қимылдары жыланға ұқсайтынын, қарсыласын оратылып отырып, айла-тәсілмен жеңетінін» айтып, осындай ерекше ат қойғанын түсіндіреді. Бұл лақап аттың өзіне талай серік болып, жеңіске жетуіне септігін тигізгенін Нұрсұлтан да мойындайды.бапкер«Жалпы, осы спорттың қыр-сырын үйретіп, жекпе-жектің алдында рухтандырып, туғанындай биікке жетелеп, шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ететін бапкерім, Алмас Ализаковтың менің өмірімде алар орыны ерекше. Менің жеңісім –ол кісінің маңдай терінің арқасы. Сондықтан сенімді ақтау үшін әлі талмай жаттығамын» дейді біздің «Жылан» бауырымыз.қарсыласқарсылас1«Жыланның» алғашқы қарсыласы –Қырғыз Республикасының грепплинг спортынан Азия чемпионы, жекпе-жектен Қырғызстан чемпионы Бекқазы Тұрдымаматов болған. 
қарсылас2Ал екінші қарсыласы - «Тайбас» деген лақап атқа ие Эрнис Омарбеков еді.
қарсылас3Үшінші қарсыласы –ушу-санда спорты мен қоян-қолтық жекпе-жектен чемпион атанған Талғат еді.
          әлем чемпионатыҮш жекпе-жекте де «жеңіс туын» көкке көтеріп, жоғары дәрежеде ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Орынбасаров қазіргі уақытта әлем чемпионатына дайындалуда.
       Бір қызығы, спортта осыншама жетістікке жетсе де Нұрсұлтанның отбасы оның не спортпен айналысып жүргенін, не талай қарсыласты бағындырғанын білмейді екен. Бала кезінен жаттығуды қалдырмай, спортқа енді аяқ баса бастаған Нұрсұлтанды ата-анасы уайымдап, басқа мамандықты таңдауына себепкер болған. Алайда Нұрсұлтан спортты қалап, бәрібір өз жолын тапты. Енді осы жолда жеңіске жету үшін табандылық танытатынын жасырмайды. Ал үй-ішіне «көпті мойындатып, өз биігіме шыққанда жариялаймын» дейді.таудағы жаттығу
         Шыны керек, мен спортқа қатты қызығатын адамдардың қатарынан емеспін. Бірақ Нұрсұлтанның көп қыры мен бар жақсылықты бойына жиған асыл қасиеті маған осы жазбаны жазуға түрткі болды. Жүрегіндегі иманы мен бойындағы адамгершілігін, елге деген сүйіспеншілігін, мамандығына адалдығын, ер мінезділігін паш еткім келді. «Жақсының жақсылығын айт» дейді. Иә, мен Нұрсұлтанның ертең-ақ жұлдызы жарқ етеріне сенемін. Еліміздің намысын әлі талай байрақты бәсекеде қорғап, көк туымызды желбіретер жаны қазақ, қаны қазақ бірегей чемпиондарымыздың бірі болары хақ! Алла сол күнге жеткізсін!